Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-071600666656 %44 %
2019-12-082923931263 %37 %
2019-12-0924435763 %37 %

3 желтоқсан. Туған күн иелері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 08:12 - 2019/12/03


3 желтоқсан. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 3 желтоқсан күні дүниеге келген танымал тұлғалардың күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар

ЕСІМДЕР


76 жыл бұрын (1943) қазақ операсының әншісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Қанат Нұрмұхаммедұлы ОМАРБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ ұлттық аграрлық университетін, Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1973-1998 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрының опера солисі қызметінен бастады. 1998 жылы Қазақ ұлттық музыка академиясы вокал-хор факультетінің деканы және оқытушы қызметіне шақырылды. 200-2013 жылдары – К.Байсейітова атындағы Опера және балет ұлттық театрының солисі. 2006-2009 жылдары – Қазақ ұлттық музыка академиясының жеке ән айту кафедрасының меңгерушісі болды.

Қазақ өнерін жақын және алыс шетелге танытты. «Ерен еңбегі үшін», «Қазақ ұлттық өнер университетіне 20 жыл» медальдарымен марапатталды. 2006 жылы ҚР Білім министрлігінің «ҚР ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері. «ҚР Еңбек сіңірген әртісі» (қазақ театр және музыка өнеріне қосқан үлесі үшін) құрметті атағын иеленді. ҚР және Орталық Азия әншілер байқауының дипломанты.


71 жыл бұрын (1948) Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы Ғазиза ӘБДІНӘБИЕВА дүниеге келді.

Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. 1969-1993 жылдары Қазақ жастар мен балалар театрының актрисасы болған. Б.Майлиннің «Шұғасында» Шұға, Ш Айтматовтың «Арманым, Әселімде» Әсел, А.Чеховтың «Шағаласында» Аркадина, Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Кәләй, С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасырында» Райхан, М.Әуезовтің «Қаракөзінде» Мөржан, У.Шекспирдің «Гамлетінде» Гертруда, тағы басқада рольдерді орындады. «Тоғысқан тағдырлар» (Роза) және «Қарашегіртке» (Марго) телесериалдарына, «Ләйләнің намазы», тағы басқа көркем фильмдерге, балаларға арналған телебағдарламаларға түскен. Гастрольдік сапармен Германия, Ресей, Иран және Қазақстанның бірқатар қалаларында өнер көрсеткен.


59 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі - Ғани Өтенұлы ТІЛЕУБЕКОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Республикалық комсомол мектебі жанындағы бір жылдық курсты бітірген. 1988 жылдан - Алматы жеңіл өнеркәсіп технологиялық техникумында саяси экономия оқытушысы. 1989 жылдан - орта мектепте мектептен тыс және сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы. 1990 жылдан - Қазақстанның комсомол органдарында жауапты қызметтерде, коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасады. 1997 жылдан ҚР Президенті Әкімшілігінде аға маман. 2002 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі Кеңсесінде сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Кеңсесінде жалпы бөлім меңгерушісі. 2004 жылдан - ҚР Президенті Кеңсесінде мемлекеттік құпияларды және ақпараттандыруды қорғау бөлімінің сектор меңгерушісі. 2005 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік құпияларды және ақпараттандыруды қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің сектор меңгерушісі, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2008 жылы қазан айында ҚР Президенті Әкімшілігінің ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.


59 жыл бұрын (1960) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Халида Мурдунқызы ҚАМБАРОВА Алматы қаласында туған. 1983 жылы Қазақ политехникалық институтын «инженер-жүйе технигі» мамандығы, 2000 жылы Еуразия нарық институтын экономист-қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1984 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау жанындағы Жоспарлау процестерін автоматтандыру және басқару құрылымдарын жетілдіру жөніндегі ғылыми-зерттеу институтында бастады.

1993 – 1997 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінде бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары болды. 1998 – 1999 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Статистика және талдау комитеті Ақпараттық есептеу орталығының бөлім бастығы лауазымын атқарды. 1999 – 2002 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінде басқарма бастығы, департамент директоры болып жұмыс істеді. 2002 – 2004 жылдар аралығында – «Мұнайконсалтинг» ЖАҚ-та, «Қазмұнайгазконсалтинг» АҚ-да бас менеджер-талдаушы болды.

2004 – 2008 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Еңбек статистикасы департаменті директорының орынбасары, Талдау және жариялау департаментінің директоры лауазымдарын атқарған. 2008 – 2010 жылдар аралығында – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің директоры. 2010 жылдан бастап 2016 жылғы маусым аралығында - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарған. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2016 жылғы 8 маусымдағы қаулысымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2014 ж.), Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен (2009 ж.), 2 мерекелік медальмен, «Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволық төсбелгісімен (2013 ж.) және ІІІ дәрежелі «Қаржы сақшысы» медалімен (2016 ж.) марапатталған.


50 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Сәкен Мәнсұрұлы БЕКЖАНОВ дүниеге келді.

Целиноград қаласында туған. М.В. Фрунзе атындағы Жоғары әскери-теңіз училищесін 1992 жылы, Н.Г. Кузнецов атындағы Әскери-теңіз академиясын 2005 жылы тәмамдаған.

Лейтенанттан бастап 1-ші дәрежелі капитан әскери атағына дейін әскери қызметтің барлық сатысынан өткен. 1987 жылдың тамызынан бастап 1992 жылдың маусымына дейін ЖӘТУ-дің курсанты болған. 1992 жылдың шілдесінен бастап 2003 жылдың қыркүйегіне дейін Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінде кеменің жауынгерлік бөлімінің командирінен кеме командиріне дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет еткен. 2003 жылдың қыркүйегінен бастап 2005 жылдың маусымына дейін Н.Г.Кузнецов атындағы Әскери-теңіз академиясының тыңдаушысы болды. 2015 жылдың маусымынан бастап 2011 жылдың маусымына дейін дивизион командирінен бастап Ресей Федерациясы Солтүстік флотының қамтамасыз ету кемелері бригадасының командиріне дейін әртүрлі лауазымдарды атқарды. 2012 жылдың сәуірінен бастап 2013 жылдың тамызына дейін - ҚР ҚК ӘТК 29011 әскери бөлімі командирінің орынбасары – жауынгерлік даярлық бөлімшесінің бастығы. 2013 жылдың тамызынан бастап 2015 жылдың маусымына дейін – 29011 әскери бөлімінің командирі – ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысының орынбасары. 2015 жылдың маусымынан бастап 2016 жылдың тамызына дейін – бас қолбасшының орынбасары – ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқармасы материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы. 2016 жылдың тамызынан бастап 2018 жылдың сәуіріне дейін РФ ҚК бас штабы Әскери академиясының адъюнкты болды. 2018 жылдың 18 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Мерейтойлық және еңбек өткерген жылдары үшін 7 медальмен наградталған.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1079125
Пікірлер

Көрші сілтемелер