Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0471511308356 %44 %
2019-12-0566971342055 %45 %
2019-12-06345101848 %52 %

Қостанайда алаяқтар 50 млн теңгенін жүгін заңсыз иемденіп кеткен



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:57 - 2019/11/14


ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында қымбат мүлікті заңсыз иемденіп кеткен алаяқтар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысының тұрғыны көршісінің екі сиырын атып тастады Алматы облысында бір күнде мал ұрлаған 28 күдікті ұсталды Алматыда жаппай төбелесті бастаған бірінші курс студенттері ұсталды

Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетовке Қазақстан мен Ресей арқылы жүк тасымалдайтын көлік фирмасының иесі өтініш білдірді. Ол интернет-алаяқтардың құрбаны болғанын айтқан. Кәсіпкер интернеттен «көлік жүргізушісін» тауып, келісім-шарт жасасқан. Алайда қымбат жүк дітеген жеріне дейін жетпеген.

«Олардың барлығы Қостанай қаласының тұрғыны, олардың біреуін білемін, сондықтан да оларға сеніп едім. Құны 50 миллион теңгеден асатын жүк Өскеменнен Ресейге жеткізілуі тиіс еді. Арада келісім-шарттың барына қарамастан, алаяқтар орта жолда телефонға жауап бермеді», - дейді кәсіпкер.

Кәсіпкер танысы арқылы өз мүлкінің Ресейдің басқа қаласына жеткізілгенін анықтаған.

Полиция департаменті бастығының нұсқауы бойынша бұл қылмысты тергеу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

«Арнайы топ Қазақстанның бірнеше облысында тергеу жүргізеді. Бұл алаяқтықтың өте сирек тәсілі, тергеу жұмыстарымен тәжірибелі полиция қызметкерлері айналысады», - деп атап өтті генерал Аймағамбетов.

Жыл басынан бері ведомство басшысының жеке қабылдауына 200-ден астам азамат жүгінсе, олардың мәселелері шешіліп, заң кеңестері берілген.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1071856
Пікірлер

Көрші сілтемелер