Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0471511308356 %44 %
2019-12-0566971342055 %45 %
2019-12-06345101848 %52 %

Жамбыл облысында екі жылда 95 медициналық нысан салынды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:33 - 2019/11/14


Жамбыл облысында екі жылда 95 медициналық нысан салынды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында медициналық нысандар тапшылығы бар-жоғы екі жылда шешімін тапты. Бұл туралы облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Үкімет басшының орынбасары Бердібек Сапарбаевқа баяндалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетау емханасы флюорограф, рентген-аппарат және ЛОР-комбайнымен жабдықталды Қырғызстандағы Қазақстанның медицина күндері денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастыққа серпін берді Елжан Біртанов қырғыз әріптестеріне Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі туралы айтып берді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық округіндегі жаңадан пайдалануға берілген алғашқы медицина-санитарлық көмек көрсету нысанына ат басын бұрды. Онда осы бағытта атқарылып жатқан жатқан жұмыстар туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов баяндады. Ол былтыр жүргізілген зерделеу шараларының нәтижесінде өңірде осындай 95 нысанның қажет екені анықталғанын жеткізді.

Бұл мәселе облыс әкімінің тапсырмасына орай мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында биыл толығымен шешімін таппақ екен.


«Өткен жылы 30 алғашқы медицина-санитарлық көмек көрсету нысаны салынса, биыл 65 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Олар жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Айта кетейік, 95 нысанның алғашқы құны оңтайландыру арқылы 2-3 есе арзандатылды. Бұрындары әр жыл сайын осындай 10 нысан ғана салынып келсе, оңтайландыру нәтижесінде бұл мәселе небәрі 2 жылда шешілгелі отыр»,-деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, вице-премьерге бұл бағытта мердігерлер жауакершілігі күшейтіліп, кепілдік мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайғаны, айыппұл мөлшері 4 есе көбейгені айтылды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1071809
Пікірлер

Көрші сілтемелер