Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жаңаарқада тұтас бір шағынауданның құрылысы жүріп жатыр



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:21 - 2019/11/14

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/zhanaarkada-tutas-bir-shagynaudannyn-kurylysy-zhurip-zhatyr_a3585211


АТАСУ. ҚазАқпарат - Жаңаарқа ауданында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Атасу кентінде тұтас шағынаудан салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарының барысы туралы Қарағанды облысының әкіміне осы ауданға жұмыс сапары кезінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент: Ақмолада «Нұрлы жер» арқылы 8 мыңнан астам отбасының баспана мәселесі шешілді Арыс қаласында 100 отбасы баспаналы болды Қызылордада кәсіпкер мұқтаж отбасыларға үй салып берді

«Биыл республикалық бюджеттен 461 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражатқа «Жаңа Нұр» шағын ауданында жеті үй салынды. Жыл соңына дейін 8 пәтерлі екі үйді тапсыру жоспарланып отыр. Қалған бесеуі келесі жылы пайдалануға беріледі», - деді аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Мұқанов.

«Жаңа нұр» шағынауданында 12 үй салынады. Болашақта мұнда әлеуметтік нысандар да пайда болады.

Бақытжан Мұқановтың айтуынша, 2020 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тағы екі үш қабатты үйдің құрылысы басталады.

«Сондай-ақ 39 жеке үйдің инфрақұрылымын дамыту үшін қаражат бөлінді. Тұрғын үй құрылысы бойынша бес жылдық жоспар дайындалуда», - деді Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары.

Жеңіс Қасымбек мұнда тұратын көпбалалы отбасылардың тұрғын үй кезегінде тұрғанын және олардың тұрғын үй мәселесі қалай шешілгенін сұрады.

«Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 20 көпбалалы отбасына үй берілді. Оларға республикалық бюджеттен екінші тұрғын үй сатып алуға қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда тұрғын үйге кезекте 75 көпбалалы отбасы тұр, оның 4-еуі желтоқсан айында жаңа шағын ауданда өз баспанасын алады», - деді Бақытжан Мұқанов.

Жалпы, Жаңаарқа ауданында тұрғын үй кезегінде 880 адам тұр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1071801
Пікірлер

Көрші сілтемелер