Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Президент әлеуметтік маңызды өнімдер бағасының өсіміне қатысты ведомстволарды сынға алды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:15 - 2019/11/14

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/prezident-aleumettik-manyzdy-onimder-bagasynyn-osimine-katysty-vedomstvolardy-synga-aldy_a3585205


Президент әлеуметтік маңызды өнімдер бағасының өсіміне қатысты ведомстволарды сынға алды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасына қатысты ведомстволар арасында тиісті үйлестіру шаралары жоқ екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде Назарбаев мектебінің филиалын ашуды ұсынды Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Владимир Путинмен кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады

«Көкшетауда, ең басты астықты өңірлердің бірінде, ұн бағасының өсімі елеулі түрде шарықтаған, яғни 47 пайызға жуық. Осы арқылы халықтың нақты табысын көтеру бойынша шараларымыз бекер болғандай. Бұл өз кезегінде баға қалыптасу бағатында тиісті бақылаудың жоқтығын көрсетіп отыр», - деді Президент Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Мемлекет басшысы жауапты министрлік тек бағаның өсу фактісін айтып, бұған валюта бағамының құбылмалығын, ауыл шаруашылығы өнімін өндірудегі маусымдық сипатты себепші етіп шектелетенін сынады.

«Ұлттық экономика министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Сауда және интеграция министрлігі арасында үйлестіру шаралары тиісті деңгейде емес», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бұл бағыттағы жұмыстардан әкімдер шет қалғанын атап өтті.

«Тұрақтандыру қорлары азық-түлік тауарларының нарығына тұрақтындыру әсерін көрсетпей жүр. Бағаның шекті мәні бақыланбайды. Менің тапсырмам орындалмаған», - деді Мемлекет басшысы.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1071795
Пікірлер

Көрші сілтемелер