Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-111970784544 %56 %
2019-12-12862197734 %66 %

СҚО полицейлері із-түзсіз жоғалған екі адамды іздестіруде



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 23:03 - 2019/11/13


СҚО полицейлері із-түзсіз жоғалған екі адамды іздестіруде

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары үйлерінен шығып, хабарсыз кеткен өңірдің екі тұрғынын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында іздеуде жүрген 3 ресейлік ұсталды Адам өлтіріп қашып жүрген Түркістан облысының тұрғыны Мәскеуде ұсталды Өзбекстанда іздеу жарияланған қылмыскер елордада ұсталды

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавл қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі із-түзсіз жоғалған Виктор Викторович Раскатовқа іздеу жариялады. 1983 жылы 31 наурызда туған қала тұрғыны биыл 30 қыркүйекте Иртышская көшесі, 3 мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Қазіргі уақытқа дейін жүрген жері белгісіз.

Виктордың бойы 160 см , орта денелі, шашы қоңыр, көзі көк. Сол күні үстінде сұр түсті трико, қою жасыл түсті куртка, қара галош, қара түсті бас киімі болған. Тәртіп сақшылары ол туралы қандай да бір ақпаратқа ие азаматтарды 102, 8(7152) 39-48-37, 39-48-07, 8-747-239-11-61, 8-707-909-50-06 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Сондай-ақ СҚО Полиция департаменті Қызылжар ауданының полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесі Баймага Гарахановна Мирисмаиловнаны іздестіріп жатыр. 1967 жылы 17 тамызда туған әйел Қызылжар ауданындағы Боголюбово елді мекенінің тұрғыны. 31 қазанда шамамен сағат 16.00-де үйінен шығып кеткен және қазіргі уақытқа дейін жүрген жері белгісіз. ІІ топтағы мүгедек, әзербайжан тілін ғана біледі.

Баймага Гарахановнаның бойы шамамен 160- 165 см , дене бітімі арықша келген, шашы қара, бұйра, көзі қара. Үстінде ұзынша келген қара түсті куртка, қара түсті белдемше, қызыл түсті етік, басында қара түсті орамал болған. Оны көрген-білгендер СҚО ПД Қызылжар ауданының полиция бөлімшесіне 8-707-606-68-25, 8-777-082-81-21, 8-715-38-2-17-02, факс 8-71538-2-22-08 немесе 102 нөміріне ақпарат бере алады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1071578
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар