Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-212416771848 %52 %
2019-11-222306629247 %53 %
2019-11-2319061736 %64 %

Туроператорлар  Тараз, Шымкент, Түркістан, Ақтаудың туристік әлеуетін бағалады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 01:51 - 2019/11/10


Туроператорлар  Тараз, Шымкент, Түркістан, Ақтаудың туристік әлеуетін бағалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының туроператорлары Қазақстанның оңтүстік өңірінің туристік әлеуетін бағалап қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kazakh Tourism компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Лондонда Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды Алматылық және астаналық туркомпаниялар Тараздың тарихи орындарымен танысты Елімізде алғаш рет 3 тілде туристік ақпарат беретін трансляция іске қосылды

Ақпараттық тур аясында Тараз, Шымкент, Сарыағаш пен Түркістанды алты күннің ішінде аралап үлгерген сала мамандары аталған қалалардағы туристік өнімді әзірлеу мен оны нарықта ілгерілетуге қатысты нақты тұжырымға келді. Туроператорлардың пікірінше, тарихы тереңінен бастау алатын, әрі Ежелгі Ұлы Жібек жолының бойындағы қалалар үшін жолдамаларға сұраныс жоғары болады. Оған шетелдік туристер ғана емес, қазақстандықтар да қызығушылық танытады деген сенімде.

Сондай-ақ, ақпараттық турдың қатысушылары әр жерде кездесетін, бірақ түп тамыры бірдей мәселенің барлығын аңғарды. Оның ішінде, шет тілдерін меңгерген экскурсия жүргізуші мамандардың тапшылығы, туристік маңызы бар нысандарда қолайлы жағдайдың жоқтығы, меймандарды күту мәдениетінің әлі қалыптаса қоймағандығы, шипажайларда ем-домды ұзақ қабылдайтындарға арнайы мәдени бағдарламаның ұйымдастырылмайтыны сынды мәселелер тездетіп шешімін табуы тиіс.


«Мұндай ақпараттық турларды ұйымдастыру арқылы біз ел ішілік тур бағдарламасына қандай нысандарды енгізуге болатынын анықтай аламыз. Сондай-ақ, болашағы бар тур өнімдерді қалыптастыру үшін әлі қандай істер атқарылу қажеттігі жайлы ұсыныс бере аламыз», - дейді ақпараттық турға қатысушылардың бірі Салтанат Абжанова.

Туризм саласында еңбегі сіңген қызметкердің пікірінше, дәмханаларда ас мәзірін үш тілде дайындау мен мәдени бағдарламаны қалыптастыру сынды әрбір ұсақ-түйектің туристің жадында сақталары анық.

Естеріңізге сала кетсек, екінші ақпараттық турдың аясында туристік компаниялардың өкілдері Тараз-Шымкент-Сарыағаш-Түркістан-Ақтау бағыты бойынша сапарда жүр. Ақпараттық турдың мақсаты –әр өңірдің туристік әлеуеті жайлы мәлімет жинап, ішкі туризмнің дамуына серпін беру. Ақпараттық тур қарашаның 9-на дейін жалғасты. Сапар Ақтау қаласында аяқталды.


Айта кетерлігі, республикалық ақпараттық тур биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін, мамыр айында өткізілген ақпараттық турға еліміздің батысындағы 4 аймақтан жиналған туроператорлар Нұр-Сұлтан – Бурабай – Шымкент – Сарыағаш – Алматы – Алматы облысы – Шығыс Қазақстан облысы бағыты бойынша сапар шеккен болатын.

Еске сала кетсек, ақпараттық тур мүшелері ең алдымен Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласына барған еді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1070033
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Аяз күні ыстық шай тара 5 min
Олеся Кексельге қатысты 5 min
Қостанайда саяжай өртен 8 min
Павлодар облысында бір 15 min
Арал теңізінде жоғалған 20 min
Халық үніне құлақ асаты 20 min
Елордалық еріктілер тұр 25 min
Көкшетауда «Ақан сері» 26 min
Нұр-Сұлтанда Камиль Мул 1 sagt
Тұрмыстық жемқорлыққа т 1 sagt
Кексельге қатысты іс то 1 sagt
Қар жауғаннан кейінгі қ 1 sagt
Досаев Тоқаевқа "7-20-2 1 sagt
Ақмоланың ақ фарфоры &# 1 sagt
Ломаченко Альваресті қа 1 sagt
Есіміздесің, есіл сері 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Зайда Елғондинова | Әд 2 sagt
Жүз жылдық жылнама R 2 sagt
Оралда қызды қағып, қаш 2 sagt
Қызылордада күріштің жа 2 sagt
Гонконгта митинг кезінд 2 sagt
БАС МҮФТИ: ЕУРАЗИЯ МҰСЫ 2 sagt
Бірыңғай қабылдау күні: 2 sagt
Қоқыс шығару тарифі көт 2 sagt
"Джокер" фильмі жалғасы 2 sagt
Ғалымдар Жайық популяци 2 sagt
Ақмола облысында жүк по 2 sagt
Талғат Теменов | Әдебие 2 sagt
Қазтуған Қазанқаптың кү 2 sagt