Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-212416771848 %52 %
2019-11-222306629247 %53 %
2019-11-2319061736 %64 %

Қазақстанда мақта өндірушілерді қолдайтын жаңа бағдарлама жасақталуда



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 00:45 - 2019/11/10


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда мақта өндірушілерді қолдайтын жаңа бағдарлама жасақталуда. Осы мақта ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінде арнайы жұмыс тобы құрылған. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрмановтың мақта өндірушілерімен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстікте мақтаның тоннасы 150 мың теңгеден қабылданып жатыр Жетісайлық шаруалар жиын-терім науқаны алдында өзекті мәселелерді талқылады Жетісайлық шаруалар судан тапшылық көрмейді – аудан әкімдігі

Жиын барысында мақта өндірушілері кездесетін кедергілерді кеңінен айтты. Солардың бірі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 12 шілдедегі №297 бұйрығына сәйкес мақта өңдеу зауыттарына тапсырылған шитті мақтаның 1 тоннасына 12 мың теңге субсидия төленеді. Бірақ, бүгінде тауарөндірушілерден жиналған шитті мақтаның 56%-ы мақта өңдеу зауыттарына, ал 46%-ы сатып алушы ұйымдарға (трейдерлік компаниялар) тапсырылған. Бұл ретте, сатып алушы ұйымдарға тапсырған агроқұрылымдардың шитті мақтасына субсидия төлеуге мүмкіндік жоқ. Аталмыш мәселенің мән-жайын жіті тыңдаған Рүстем Құрманов шешу жолын айтты.

«Шитті мақтаны тасымалдау қиын болғандықтан мақташылар амалсыздан трейдерлік ұйымдарға жүгінеді. Олар өз кезегінде шикізатты өңдеу үшін отандық мақта зауыттарына жеткізеді. Сондықтан субсидиялау Ережесіне өзгерістер енгіземіз, онда трейдерлерді де субсидиялауды қарастырамыз. Бұйрық қазірдің өзінде мемлекеттік органдарға жіберілді. Тез арада қабылдануын қадағалаймыз», - деді вице-министр. Сондай-ақ, кездесуде Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп «Мақта саласын дамыту туралы» ҚР Заңының күшін жою, «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау» қағидасының 2-қосымшасында айқындалған тізімдегі 32 өнімнің қатарына мақта шаруашылығының өнімдерін қосу, Мемлекеттік қызметтерді дамыту және АӨК цифрландыру департаменті «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-мен бірлесе отырып, сатып алынған ұжымдық шаруашылықтарды интеграциялау мәселесін пысықтау, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қарапайым заттардың экономикасы жобасы шеңберінде дайындау ұйымдарына кредит беру мүмкіндігін қарастыру сұрақтары қарастырылды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов мақта өндірушілері көтерген сұрақтар қараусыз қалмайтынын айтты. Сондай-ақ, қазірдің өзінде барлық мәселелер бойынша жұмыс басталып кеткенін және аталмыш сұрақтар ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың жіті бақылауында болатынын мәлімдеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1070023
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Алматыда ең жоғары жала 5 min
Аяз күні ыстық шай тара 15 min
Олеся Кексельге қатысты 15 min
Қостанайда саяжай өртен 18 min
Павлодар облысында бір 25 min
Арал теңізінде жоғалған 30 min
Халық үніне құлақ асаты 30 min
Елордалық еріктілер тұр 1 sagt
Көкшетауда «Ақан сері» 1 sagt
Нұр-Сұлтанда Камиль Мул 1 sagt
Тұрмыстық жемқорлыққа т 1 sagt
Кексельге қатысты іс то 1 sagt
Қар жауғаннан кейінгі қ 1 sagt
Досаев Тоқаевқа "7-20-2 1 sagt
Ақмоланың ақ фарфоры &# 1 sagt
Ломаченко Альваресті қа 1 sagt
Есіміздесің, есіл сері 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Зайда Елғондинова | Әд 2 sagt
Жүз жылдық жылнама R 2 sagt
Оралда қызды қағып, қаш 2 sagt
Қызылордада күріштің жа 2 sagt
Гонконгта митинг кезінд 2 sagt
БАС МҮФТИ: ЕУРАЗИЯ МҰСЫ 2 sagt
Бірыңғай қабылдау күні: 2 sagt
Қоқыс шығару тарифі көт 2 sagt
"Джокер" фильмі жалғасы 2 sagt
Ғалымдар Жайық популяци 2 sagt
Ақмола облысында жүк по 2 sagt
Талғат Теменов | Әдебие 2 sagt