Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Түркістанда көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүруде



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:36 - 2019/11/09

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/turkistanda-kogaldandyru-zhumystary-karkyndy-zhurude_a3583839


Түркістанда көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүруде

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында кезекті сенбілік өтті. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен қызметкерлері, аудан-қала әкімдіктері мен жергілікті тұрғындар белсене қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Италияда климаттың өзгеруі туралы пән мектеп бағдарламасына енгізіледі Еліміздің 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды NASA спутнигі Амазония үстінде ауаның бірден құрғап кеткенін тіркеді

Ауқымды шарада облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов секторлардағы жұмыстармен танысып, ағаш отырғызуға атсалысты.

Түркістанды көркейту мен абаттандыру үшін қала 32 секторға бөлінгені белгілі. Бүгін аталған секторлар 25 мың түп көшет (шаған, сән ағаш, үйеңкі, қараөрік, қарағаш, тұт, каштан, арша, липа) отырғызды.




Секторларға бекітілген аудан-қалалар тарапынан сенбіліктегі көгалдандыру, ағаш отырғызу жұмыстарына 2500-ден астам адам мен 245 техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар аумақтық 23 департамент мамандары қала ішіндегі ұзындығы 8 шақырымды құрайтын Р33, Р-32 каналдарының бойына ағаш егу, тазалау жұмыстарын жүргізді.







Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1069948
Пікірлер

Көрші сілтемелер