Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-13110 %100 %

Үкіметтің жұмыс тобының Ақмола облысына сапары: МӘМС тиімді тұстары түсіндірілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:06 - 2019/11/09


АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы Көкшетаудағы Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында медициналық қызметкерлермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин Ыстанбұлда Қазақстан–Түркия Үкіметаралық комиссиясының отырысына және бизнес-форумға қатысады Денсаулық сақтау және білім беру жүйелерінің сапасын арттыру: Үкіметтік жұмыс тобы Павлодар облысына барып қайтты Жеңістің 75 жылдығы: Сапарбаев ардагерлерге бірыңғай төлем белгілеуді тапсырды

Кездесуге жұмыс тобының құрамында болған Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров қатысты.

Жүздесуде сөз алған Б.Сапарбаев арнайы баяндама жасап, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде денсаулық, әлеуметтік медициналық сақтандыру салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен бөлінетін қаржы туралы айтты.

«Мемлекет басшысының Жолдауында Үкіметке берген тапсырмаларының қалай орындалып жатқаны және келешекте атқарылатын жұмыстары туралы мәлімет беру, қандай да бір саяси дағдарыстар мен Үкіметіміздің экономикалық қиыншылықтар болса да халықтың тұрмысын жақсартуы - ең негізгі міндеттерінің бірі», - деп атап өтті Б.Сапарбаев.

Кездесуде медицина саласы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, медициналық қызмет сапасын арттыру және материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелері талқыланды.

«Бүгінгі күні республика бойынша шартты түрде халықтың 87 пайызы сақтандырылған болса, оның ішінде 10 миллион адам жеңілдетілген санатқа жатады, 5,4 миллион жалдамалы жұмысшылар, 700 мыңға жуығы жеке кәсіпкерлер, тағы 200 мың адам бар. Елдің қалған азаматтары жүйенің дербес қатысушылары бола алады.

Ақмола облысы бойынша 392,4 мың адамға жеңілдік жасалады. 234,8 мың адам жалдамалы жұмысшылар қатарына жатады. 30,9 мың адам жеке кәсіпкерлер. Осылайша, Ақмола облысы халқының 90 пайызы сақтандыру жүйесіне енгізілді», - деді Камалжан Надыров.

Осы ретте, Бердібек Сапарбаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізу арқылы денсаулық сақтау саласы жүйесін қаржыландыру көлемі артатынын атап өтті.

«Бүгінгі жиі айтылып жүрген мәселе - медициналық қызмет сапасы. Бұл туралы БАҚ-тардан естіп, көріп те жүрсіздер. Осы бағытта Үкімет тарапынан денсаулық саласына қыруар қаржы бөлініп келеді. Сондықтан, әр дәрігер қызметіне адал болып, халыққа сапалы қызмет көрсеткені маңызы. Жалпы, келер жылдан бастап денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруда мәселе туындамауы керек. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу арқылы біз барлық мәселені шешуіміз керек», - деді вице-премьер.

Сонымен қатар кездесуде халықты уақтылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі де айтылды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1069940
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


♥ Ақынға ғашық болған 11 min
Үй елесінің күнделігі. 21 min
Делиде ауаның ластануы 21 min
Ақтөбеде көліктердің қа 23 min
Нерд Біз сізді жарқын 26 min
Ұят –періштедей балада 1 sagt
9 қараша күні Үлкен Алм 1 sagt
Ақтөбедегі «алтын адам» 1 sagt
Көктайғақ, бұрқасын, же 1 sagt
"Томирис" кинофильмін 1 sagt
Алматыда отпен жүретін 1 sagt
Отбасы құндылықтарының 1 sagt
Сатуды қалай үйренуге 1 sagt
«ҚазМұнайГаз» мен «Шелл 1 sagt
Көкшетауда 80 оқушының 1 sagt
Қазіргі бессайыстан Ази 1 sagt
Өзін өзі жұмыспен қамты 1 sagt
Көкшетауда такси көлігі 1 sagt
Ақылы жолдардан қазынағ 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Сирия президенті Асадты 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
БЕСКОНЕЧНО ЛИ ВРЕМЯ? 2 sagt
Жамбыл облысындағы жәрм 2 sagt
Қарағандыда әкімдік қыз 2 sagt
Мамин елордада өтіп жат 2 sagt
Автожолдарда көктайғақт 2 sagt
«Астана Опера» музыкант 2 sagt
Асан қайғының хан аталу 2 sagt
Иран жер асты зауытында 2 sagt