Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-192440715839 %61 %
2019-11-201983628842 %58 %
2019-11-21855339450 %50 %

Сапарбаев халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелердің сапалы орындалуына назар аударды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 17:00 - 2019/11/09


Сапарбаев халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелердің сапалы орындалуына назар аударды

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы Зеренді ауданындағы бірқатар әлеуметтік мекемелерді аралап, ұжыммен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда көпбалалы отбасылардан шыққан студенттерге стипендия тағайындалды Ақмола облысында көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету шаралары түсіндірілуде Қарағандыда үш қабатты коттеджі бар тұрғын АӘК алған

Жұмыс тобының құрамында ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова, Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров бар.

Сапар барысында үкімет мүшелері Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектепте болды. Білім мекемесінің іргесі 1968 жылы қаланған. Бүгінгі күні мұнда 200 оқушы білім алуда. Көрші ауылдардан келіп оқитын балалар арнайы автобуспен тасымалданады.



Білім ошағында үкімет мүшелері Зеренді ауылының тұрғындарымен кездесіп, халықтың әлеуметтік жағдайларын сұрап білді және сауалдарына құлақ түрді.

«Біздің сапарымыздың басты мақсаты – мемлекеттік бағдарламалардың жұмысы мен нәтижесіне көз жеткізу», – деп айтты тұрғындармен жүздесуінде Б.Сапарбаев.

Сонымен қатар, Үкімет басшысының орынбасары мемлекеттің басты міндетті – халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді сапалы орындау қажет екенін атап өтті. Бұл туралы әлеуметтік қызметкер Виктория Кох айтып берді.


«Мен сегіз адамның үйіне барып, әлеуметтік қызмет көрсетемін. Әр адамға екі сағат уақытымды арнаймын. Мұқтаж адамдарға тұрмыстық, медициналық сияқты әлеуметтік көмек көрсетеміз», – дейді ол.

Оның сөзінше, шілде айынан бастап оның еңбекақысы өсіп, 75 мың теңгені құраған.

Ал, тиімді еңбекпен қамтуды дамыту бағдарламасының қатысушысы Райхан Сәрсенбаев мелекеттен бөлінген гарант арқылы отбасылық табысын арттырып отырғанын атап өтті.

«Мен 250 грант алып, оған қаз сатып алдым. Осы күні құс өсіріп, отбасылық табысымды арттырып отырмын», – дейді ауыл тұрғыны.


Сонымен қатар, үкімет мүшелері Зеренді аудандық емханасында да болып, медицина саласы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, медициналық қызмет сапасын арттыру және материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелеріне көңіл бөлді. Медициналық мекеме осыдан екі жыл бұрын пайдалануға берілген. Бір ауысымда 250 келушіге арналған емхана аудан тұрғындарына 14 бағыт бойынша медициналық қызмет көрсетеді. Мекемеде 38 дәрігер, 198 орта медициналық персонал жұмыс істейді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1069919
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар