Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-192440715839 %61 %
2019-11-201983628842 %58 %
2019-11-21855339450 %50 %

Ішкі істер министрі қызды құтқарған полицейлерді марапаттады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 16:48 - 2019/11/09


Ішкі істер министрі қызды құтқарған полицейлерді марапаттады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев күні кеше Қарағандыда қызды құтқарып қалған патрульдік полиция қызметкерлерін қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте екі жұмысшының мерт болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды Дронның кесірінен Жапония әуежайы жұмысын тоқтатты Шымкентте топырақ басып қалған жұмысшылардың екеуі қаза тапты

Ведомство басшысы полиция лейтенанты Ерасыл Мұрат пен полиция сержанты Бекзат Омашевқа жеделдік танытып, батылдық көрсеткені үшін алғысын білдіріп, полицейлерді ІІМ-нің «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттады.

Полиция қызметкерлерін марапаттау Нұр-Сұлтан қаласында Министрлік орталық аппаратының қызметтері мен бөліністері басшыларының қатысуымен өтті.

«Мыңдаған жас қызметкерлер күн сайын азаматтарымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет етуде. Оларға әр түрлі жағдайларда жұмыс істеуге тура келеді, олар атақ үшін емес, өзінің қызметтік және азаматтық борышына сәйкес батырлық әрекеттер жасайды. Сіздердің батыл істеріңіз осының дәлелі және барлық жеке құрамға үлгі» – деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.

ІІМ қызметкерлері (құтқарушылар, полицейлер, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері) жыл сайын оттан, суға батудан, суицид әрекетінен және жазатайым оқиғалардан 10 мыңнан астам адамды құтқарады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1069913
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар