Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-201983628842 %58 %
2019-11-212416771848 %52 %
2019-11-2235257648 %52 %

Елорданың елді мекендерінде хоккей корттары ашылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 15:15 - 2019/11/09


Елорданың елді мекендерінде хоккей корттары ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алтай Көлгінов елорда аудандарының аулалық аумақтары қалай өзгергенін тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Головкин салмақ санатынан тыс үздік боксшылар рейтингінде рекорд орнатты Ғұсман Қырғызбаев қазан айының үздік спортшысы атанды Оралда бадминтоннан халықаралық турнир өтуде

Үркер елді мекенінде (201 көшесі, Есіл ауданы) әмбебап алаң ашылды: футбол алаңын жылдың суық мезгілінде хоккей кортына ауыстыруға болады. Бұл кортта балалар хоккей ойнап қана ғоймай, конькимен де сырғанай алады. Сондай-ақ тренажерлер орнатылып, workout аймағын жабдықталды. Әрбір осындай кешен инклюзивтік элементтермен жабдықталған. Ерекше қажеттіліктері бар балалар алаңдарда ойнап, спортпен шұғылдана алады.


«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында азаматтарды бұқаралық спортпен айналысуға шақырды. Барлығы аула спортынан басталады. Балалар бос уақытында футбол, хоккей ойнауға, конькимен сырғанауға мүмкіндік алуы үшін спортпен шұғылдануға жағдай жасалуы тиіс. Аулалардың көрінісі мен не болуы қажеттігі туралы тұрғындармен келісе отырып шешіледі. Қоғамдық кеңістікті тұрғындардың пікірін ескере отырып дамытатын боламыз! Аула аумақтарын абаттандыру жұмыстарын одан әрі жалғастырамыз», - деді А. Көлгінов. Сондай-ақ, мұндай алаңдар Гете көшесі, 10 (Сарыарқа ауданы) және Өндіріс елді мекенінде (Байқоңыр ауданы) орнатылды. Бұл жобалар «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесіп іске асырылды.



«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов алаңдарды күтіп ұстау керектігін атап өтті. Кездесуде тұрғындар балалар алаңын орнатуға бөлінген қаражат үшін «Самұрық-Қазына» қорына алғыстарын білдірді. Балаларға баскетбол, волейбол және футбол доптары берілді.



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1069883
Пікірлер

Көрші сілтемелер