Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-132050291567 %33 %

Жаһандық проблеманы ешбір мемлекет жалғыз өзі шеше алмайды – сарапшы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 12:24 - 2019/11/09


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл бесінші рет өтетін «Астана клубының» отырысына ядролық қаруды таратпау мәселесі, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттық соғысы, әлемдік экономиканың даму үрдісінің төмендеуі, жаһандық климаттың өзгеруі сияқты ауқымы кең тақырыптар қамтылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экономика және саясат институтының сарапшысы Ерлан Мәдиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Еліміздің 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды NASA спутнигі Амазония үстінде ауаның бірден құрғап кеткенін тіркеді Экологиялық шараларда жиналған балл жұмысқа орналасқанда ескерілуі тиіс - депутат

«Биыл «Астана клубының» отырысында ядролық қаруды таратпау мәселесі, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттық соғысы, әлемдік экономиканың даму үрдісінің түсуі, жаһандық климаттың өзгеруі сияқты ауқымы кең тақырыптар қамтылады. Осы мәселелер бойынша прогреске жету – қиын. Маңыздысы – осы мәселелер бойынша әлемдік әріптестікті сақтау және оған жаңа серпін беру. Қазіргі уақытта жаһандық проблеманы ешбір мемлекет жалғыз өзі шеше алмайды, оны бүкіл әлемдік қауымдастық бірігіп шешуі керек. Осыны жүзеге асыру үшін бізге ең алдымен сұхбат керек. Бұл отырыстың түпкі мақсатын, маңызын түсіну – өте маңызды», -деп атап өтті экономика және саясат институтының сарапшысы Ерлан Мәдиев.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының Халықаралық бағдарламалары орталығының басшысы Қайрат Абусеитов «Астана клубы» отырысында көтерілген мәселелердің шешу жолдары қаншалықты жүзеге асатыны туралы айтты.

«Бұл шарада пікір-талас, талқылау – өте маңызды. Отырыста «Астана клубы» қандай да бір ұсынымдар айтпайды», - дейді ол.

Бесжылдық қызмет барысында Астана клубы дүниежүзінің 40 елінің 200-ден астам сарапшыларының бас қосқан беделді халықаралық пікірталас алаңына айналды.

Аталған шараны ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры мен Қор жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты ұйымдастырады. «Астана Клубының» миссиясы – Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтары тұрғысынан жаһандық күн тәртібін қалыптастыру үшін Еуразияның жетекші сарапшылары, саяси көшбасшылары мен дипломаттарының басын біріктіру.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1069837
Пікірлер

Көрші сілтемелер