Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-171215391738 %62 %
2019-11-181794515640 %60 %
2019-11-1930271253 %47 %

Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогы финалына қатысады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:57 - 2019/11/08


Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогы финалына қатысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Теннистен Қазақстан құрамасы 18-24 қарашада Мадридте өтетін Дэвис кубогы финалына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада Надаль мен Джоковичтің кездесуі басталды Теннис: Александр Бублик Вена турнирінде ұтылып қалды Түркістанда үстел теннисінен ел кубогы сарапқа салынды

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, айтулы додада әлемнің ең үздік 18 құрамасы сынға түседі.

Қазақстан құрамасы Ұлыбритания және Нидерланды теннисшілерімен бір топта бақ сынайды.

Қазақстандықтар 19 қараша күні Нидерланды, 21-інде Ұлыбритания құрамасымен ойнайды.

Құрама сапында Михаил Кукушкин, Александр Бублик, Александр Недовесов, Андрей Голубев және Дмитрий Попко бар.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің Братислава 2 челленджер турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

М.Кукушкин ширек финалда босниялық Дамид Джумхурмен кездесті. Есеп 3:6, 1:1 болғаннан кейін қазақстандық теннисші матчты жалғастырудан бас тартты.

Сол секілді осы жарыста Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында жартылай финалға дейін жетті. Дегенмен жартылай финалда чехиялық Роман Ебавы мен словакиялық Игорь Зеленайға 6:7 (5:7), 4:6 есебімен есе жіберді.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко АҚШ-тағы Ноксвилл челленджер турнирінде словениялық Блаж Роладан 4:6, 4:6 есебімен ұтылып, ширек финалға шыға алмады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1069697
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар