Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-171215391738 %62 %
2019-11-181794515640 %60 %
2019-11-1930271253 %47 %

Ла-Маншты жүзіп өткен қазақстандық әйелге қос бірдей марапат табыс етілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:12 - 2019/11/08


Ла-Маншты жүзіп өткен қазақстандық әйелге қос бірдей марапат табыс етілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ла-Маншты жүзіп өткен қазақстандық Әнел Сытдықоваға қос бірдей марапат табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ғұсман Қырғызбаев қазан айының үздік спортшысы атанды Оралда бадминтоннан халықаралық турнир өтуде Түркістандық спортшылар ел чемпионаттарында 232 алтын медаль еншілеген

Англияның Дувр қаласында Channel Swimming Association президенті Майкл Рид жүзу маусымының қорытындысына сәйкес кешкі ас кезінде ең үздік суда жүзушілерді марапаттады.


CSA (Channel Swimming Association) – Ла-Манш бұғазын жүзіп өткендердің нәтижелерін тіркейтін және сертификат беретін қауымдастық.

Әнел Дәулетоваға Mercedes Gleitze Trophy және The Montserrat Tresserras Trophy кубоктары берілді.

Mercedes Gleitze Trophy – британдық әйелдер арасында алғаш рет 1927 жылы Ла-Маншты жүзіп өткен Мерседес Глейтценің құрметіне аталған марапат. Ол бұғазды әр елден тұңғыш рет жүзіп өткен әйелге тапсырылады. Ал The Montserrat Tresserras Trophy кубогын Әнел Қазақстаннан Ла-Маншты жүзіп өткен алғашқы адам ретінде алды.

«Ассоциация президенті Майкл Ридтің қолынан осындай қос марапатты алуым – мен үшін үлкен құрмет. Енді бұл наградалар Дуврдағы музейде қалады. Онда Қазақстан атауы ойылып жазылған. Бұл – менің өз еліміздің әлемге танылуына қосқан кішкентай болса да үлесім», деді ҚазАқпарат тілшісіне Әнел Дәулетова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақ Жайықтан түлеп ұшқан, қазір отбасымен Англияда тұратын Әнел Дәулетованың АҚШ-та тағы осындай екі ұзақ қашықтықты жүзіп өткісі келетінін жазған болатынбыз.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1069689
Пікірлер

Көрші сілтемелер