Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанда екі күн ішінде 50-ге жуық интернет-алаяқтық фактілері анықталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:57 - 2019/11/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-eki-kun-ishinde-50-ge-zhuyk-internet-alayaktyk-faktileri-anyktaldy_a3583603


Қазақстанда екі күн ішінде 50-ге жуық интернет-алаяқтық фактілері анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда бірнеше күн ішінде интернет-пайдаланушыларға қатысты 50-ге жуық алаяқтық анықталды. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмолада алаяқ әйел «қаржы пирамидасын» құрып, өзі шетел асып кеткен Ақтөбелік жұмысқа орналасу үшін 1 млн теңге беріп, алданып қалды Алматыда елдің мүлкін ломбардқа өткізген алаяқ әйел ұсталды

Ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу және ашу, сондай-ақ еркін айналымда тыйым салынған өнімдерді заңсыз даярлайтын, көбейтетін және тарататын адамдарды анықтау үшін «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді.

Екі күндік операция барысында осындай 104 құқық бұзушылық, оның ішінде интернет-пайдаланушыларға қатысты 46 алаяқтық, 18 авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу, ақпараттандыру және байланыс саласында 13 құқық бұзушылық, 12 ІТ-технологияларды пайдалана отырып жасалған ұрлық, 9 порнография тарату және арнайы техникалық құралдардарды таратудың 6 фактісі анықталды.

Еркін айналымда тыйым салынған мыңнан аса өнім алынды, операцияға даярлық барысында 140 бұрын жасалған интернет-алаяқтық ашылды.

Мәселен, Алматы қаласында Жамбыл облысының тумасы ұсталды. Ол сауда интернет-алаңдарында автобөлшектерді сату және жеткізу туралы жалған жарнамалар орналастырып, ақшаны банктік карточкалармен алып, кейін жарнаманы өшіріп тастаған және абоненттік нөмірін ажыратқан. Қазіргі уақытта оған қатысты алаяқтықтың осындай 10-нан аса фактісі дәлелденді.

Соңғы жылдары Интернет желісін алаяқтық мақсатында пайдалана отырып жасалатын құқық бұзу фактілері өсуде. Адамдарды алдау үшін алаяқтар әлеуметтік желілерді, сауда интернет-алаңдарын пайдаланады, жалған интернет-дүкендер, «фейк» парақшалар және сайттар ашады.

Осыған байланысты, ІІМ қауіпсіздік шараларын еске салады:

- құпия сөздерді үнемі ауыстырып отырыңыздар, олар күрделі болуы тиіс;

- төлем жүйелеріндегі барлық қауіпсіздік жүйелерін қосыңыздар: СМС растау, ІР-мекенжайларды қадағалау, 3D-secure және басқа;

- картаны қараусыз қалдырмаңыздар, өз деректеріңізді ешкімге бармеңіздер, өйткені пластик картадан ақшалай қаражат алу үшін картаның нөмірін және CVV-кодын (картаның артындағы соңғы үш сан) білген жеткілікті;

- Картаны мобилді банк қызметіне қосыңыз.

Банктер және төлем жүйелері ешқашан хат жолдамайды және олардың қызметкерлері өз клиенттеріне олардың шоттарының деректерін жолдау туралы өтінішпен қоңырау шалмайтынын есте сақтау қажет.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1069684
Пікірлер

Көрші сілтемелер