Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-212416771848 %52 %
2019-11-222306629247 %53 %
2019-11-2323476634 %66 %

Қарағанды тұрғыны полицейді арандатпақ болған



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 01:42 - 2019/10/23


Қарағанды тұрғыны полицейді арандатпақ болған

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желінің Қарағандыға танымал парақшаларының бірінде көлік мінген ер адамның полицеймен қақтығысы түсірілген видео тарады. Полиция департаменті осы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Үкімет басшысы жаңа «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысты тапсырма берді Қазақстанда ақылы жолдардан жылда қанша қаржы жиналатыны жарияланды 5 жылда көлік инфрақұрылымына 5,8 трлн теңге инвестиция тартылды – министр

Видеодан көлік иесі полицеймен ерегісіп, өзінікін ақтауға тырысқаны көрінеді.

«Биыл 21 қазан күні Қарағанды қаласының Бәженов-Прогресс көшелерінің қиылысында «Хундай Акцент» автомашинасының жүргізушісі оңға бұрыларда жаяу жүргіншілерге жол бермеген. Сол кезде қызыл бағдаршамда патруль машинасы тұрған. Әлгі жүргізушінің әрекетіне наразы адамдар полиция қызметкеріне жүгінген, артынша патруль «Хундай Акцентті» тоқтатпақ болады. Машина зырғып отырып, жекеменшік үйлердің арасына кіріп кеткен. Оны қуып жеткен полиция қызметкері жүргізушіге ауызша ескертпе жасап, ол жерден көлігінің артымен шыға бергенде, әлгі жолын бөгеп, видеоға түсіре бастаған. Осылайша тәртіп сақшысын жанжалға тартпақ болады.Оған тағы да ескертпе жасаған. Ер адам полиция қызметкерін арандата алған алған жоқ», - деп мәлімдеді полиция департаменті.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, аталған автомашинаның экипажы оқыс оқиға болған кезде әлі қызметіне кіріспеген. Соған байланысты, видеотіркеуіші қосылмаған.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қарағанды қаласының аумағында жүргізушілердің жаяу жүргіншілерді жібермеуінен, 30 мәрте адамдарды көлік қаққан. Соның салдарынан 32 адам жарақат алып, екі адам қаза тапты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1063096
Пікірлер

Көрші сілтемелер