Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-212416771848 %52 %
2019-11-222306629247 %53 %
2019-11-2323476634 %66 %

ҚХЛ: «Барыс» қарсыласын буллиттен жеңді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 01:03 - 2019/10/23


ҚХЛ: «Барыс» қарсыласын буллиттен жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуінде сырт айдында Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚХЛ: «Барыс» екінші ойын қатарынан жеңіліп қалды ҚХЛ: «Барыс» «Адмиралдан» үшінші мәрте жеңілді ҚХЛ: «Барыс» төртінші ойын қатарынан жеңіске жетті

«Барыстың» бүгінгі қарсыласы ала-құла ойынымен көзге түсіп келеді. Нәтижесінде турнир кестесінде 18 ойыннан кейін 15 ұпаймен 22 орында. Ал «Барыс» 18 ойыннан кейін 26 ұпаймен бесінші орында тұр.

Осыған қарамастан бүгінгі кездесу тартысты өтті деуге болады. Бірінші кезеңде есеп ашатын бірнеше мүмкіндік бар еді. Дегенмен екі команда да оны қолдан шығарып алды.

Айдын иелері сапынан 33-минутта Франсис Паре өз командасын алға шығарды. Бұл есеп 39-минутта өзгерді. «Барыс» хоккейшісі Егор Петухов таразы басын теңестірді. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойын овертаймға ұласты. Овертаймда да жеңімпаз анықталған жоқ. Буллит сериясында «Барыс» жеңіске жетті.

Бұдан бұрын «Барыс» ресейлік «Витязь» командасынан басым түсті

Енді «Барыс» алдағы екі ойынды сырт айдында өткізеді. Алдымен 24 қазанда Ресейдің «Локомотив» (Ярославль), 26 қазанда «Ак Барс» (Қазан) командаларымен шеберлік байқасады. Одан кейін 29 қазанда елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасын қабылдайды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1063089
Пікірлер

Көрші сілтемелер