Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-212416771848 %52 %
2019-11-222306629247 %53 %
2019-11-2323476634 %66 %

СҚО әкімі аудандар мен қала басшыларына көмір бағасын бақылауда ұстауды тапсырды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 23:54 - 2019/10/22


СҚО әкімі аудандар мен қала басшыларына көмір бағасын бақылауда ұстауды тапсырды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында Құмар Ақсақалов көмір бағасын қадағалауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коммуналдық қажеттілікке және халыққа қанша көмір жөнелтілді Қарағандыда жылу беру маусымы 28 қыркүйекте басталады Қазақстанда көмір бағасына қатысты тексеру жүреді

«Былтыр көмір 15% арзандады. Енді аудан әкімдері оның жеткілікті болуын қадағалаулары керек. Қажетті қорды қамтамасыз етіңіздер. Тұйықтардың иелері, делдалдар жағдайды пайдаланып, бағаны өсіріп жібермесін. Бұл қатаң қадағалануы тиіс», - деді облыс әкімі.

Былтыр бағаны тұрақтандыру мақсатында әр ауыл бойынша мәселе жеке-жеке қаралды. Тұйықтан аудан орталығына дейін, одан ауылға дейінгі жол шығыны есептелді.

«Биыл да осы іспеттес жұмыстар жүргізілуі тиіс. Яғни, барлық шығындар есепке алынуы керек: қандай көмір қаншаға алынды, тасымалға қанша қаражат жұмсалды? Баға тұтынушыға жеткенше екі есе өсіп кетпеуі үшін қадағалануы керек. Бұл жұмысқа монополияға қарсы комитет де кіріссін. Арыз түскен жағдайда бірден шара қолданылатын болсын», - деді Құмар Ақсақалов.

Өңір басшысының пікірінше, тариф – тұрғындар үшін маңызды мәселелердің бірі.

«Тарифтерді төмендету және оларды бір деңгейде ұстап тұру үшін жыл бойы тоқтаусыз жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде электр қуатының бағасы 9,3%, жылудыкі - 1,1%, судыкі – 9,2%, кәріз жүйесінікі – 3,4%, қоқысты шығару және ПИК қызметі 5% төмендеді. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық ақылар өзгеріссіз қалады», - деді өңір басшысы.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1063075
Пікірлер

Көрші сілтемелер