Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-134580823558 %42 %
2019-11-14529148652 %48 %

Сарапшылар Алматы ауасының ластану себебін айтты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 17:21 - 2019/10/22


Сарапшылар Алматы ауасының ластану себебін айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық сараптама орталығы Алматыдағы ауаның ластану деңгейі жоғары екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты Өскеменде ауа сапасы нашарлайды

Жылдық жоспарға сәйкес, Ұлттық сараптама орталығы қаланың ауа бассейнінің жай-күйін анықтау үшін зертханалық мониторинг жүргізді.

2019 жылдың бірінші жартысында атмосфералық ауаға 1576 зерттеу жүргізілді, оның ішінде 431 сынамада сәйкессіздік анықталды.

«Зерттеу барысында атмосфералық ауаның санитарлық нормаларына сәйкес еместігі анықталды. Азот диоксиді мөлшері рұқсат етілген концентрациядан 2,2 есе, күкірт диоксиді 1,2 және көміртек тотығы 1,4 еседен асты. Бұл ластаушы заттар негізінен экологиялық қауіп туғызып, адам денсаулығына кері әсер етеді «, - деп хабарлайды Ұлттық сарпатама орталығы.

Сондай-ақ, атмосфералық ауадағы көміртек тотығы адамға сезілмейді. Алайда, ол дене тіндерінде оттегінің жетіспеушілігін тудырады. Бұл кезде адамның басы ауырып, жүрегі айнып, есінен тануы мүмкін.

«Азот диоксидінің ауада болуы көміртегі шығаратын газдармен әрекеттескенде фотохимиялық тұманның пайда болуына ықпал етеді. Азот диоксиді - бұл сарғыш-қоңыр түсті газ, ол көру қабілетін нашарлатады, ауаға қоңыр рең береді, өте уытты, бронхит ауруын тудырады және ағзаның тыныс алу органдарындағы ауруларға төтеп беруін төмендетеді «, - деп түсіндірді мамандар.

Сарапшылар Алматыдағы ауаның ластануының негізгі себептерін атады. Ол - автокөлік қозғалысы кезінде бөлінетін көміртек және кәсіпорындардан шығатын зиянды заттар. Мамандар көптеген кәсіпорындар әлі күнге дейін ескірген технологиямен жұмыс істейтінін атап өтті.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1062933
Пікірлер

Көрші сілтемелер