Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-134580823558 %42 %
2019-11-14529148652 %48 %

Жамбылда қоғамдық көлік жүргізушілері бір аптада 2 мыңнан астам жол ережелерін бұзған



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 09:00 - 2019/10/20


Жамбылда қоғамдық көлік жүргізушілері бір аптада 2 мыңнан астам жол ережелерін бұзған

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Автобус» жедел алдын алу шарасы барысында бір аптада 4386 құқық бұзушылық анықталды. Оның 2171-і қоғамдық көліктердің жүргізушілері жасаған жол ережелерін бұзу оқиғалары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық банк отандық көлікті автокредиттеу бағдарламасына 20 млрд теңге бөлді Оралда автокөлік велосипед мінген жас жігітті қағып кетті Шетел әуе компанияларының Қазақстанға жаңа рейстері арта ма

Ағымдағы жылдың 10-17 қазаны аралығында Жамбыл облысы аумағында ІІО 419 қызметкерінің қатысуымен «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

«Жылдамдықты арттыруға байланысты ҚР ӘҚБтК 592-бабы бойынша 385 факт тіркелген. Сондай-ақ, 343 жүргізуші маневр жасау ережелерін сақтамаса, 316 адам жүргізу кезінде телефонды пайдаланған және тағы да басқа құқық бұзушылықтар анықталды. Іс-шара барысында 20 қоғамдық көлік айып тұрағына қамалды»,-дейді полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Бауыржан Өдергенов.

Айта кетейік, «Автобус» жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде өңірде автобустардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары тіркелмеген.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1062087
Пікірлер

Көрші сілтемелер