Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-134580823558 %42 %
2019-11-14443120554 %46 %

Қостанай облысында егін орағы аяқталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 23:00 - 2019/10/17


Қостанай облысында егін орағы аяқталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының диқандары қамбаға 3 млн 967 мың тонна астық құйды. Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
АШМ пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару уақытын қысқартпақ Қазақстанда пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарып алу бойынша Жол картасы әзірленді Израилдық инвесторлар Түркістан облысының ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қоспақ

Аймақтағы астық шығымы, орта есеппен, гектарына 7,6 центнердің айналасында болды. Ең озық көрсеткіш – 13,5 цн/га Федоров ауданына тиесілі. Одан кейінгі нәтиже Сарыкөл, Ұзынкөл, Қарасу, Меңдіқара және Қостанай аудандарында. Ал өңірдің оңтүстік аудандарындағы нәтиже көңіл қуантарлықтай емес.

«Бидай жинау аяқталды. Биылғы көрсеткіш былтырға қарағанда екі миллион тоннаға кем. Қамбаға құйылған бидайдың 68 проценті үшінші санатқа жатқызылады. «Азық-түлік келісімшарты корпорациясы» АҚ үшінші санатты бидайдың бағаларын жариялады. Қазір бұл баға 70-76 мыңның айналасында. Дей тұрғанмен, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері астығын сатуға асығар емес. Өйткені, алдағы уақытта баға көтерілуі мүмкін. Астық нарығында баға тұрақсыздығы байқалады. Бағаның қалыптасу кезеңін дөп басып айту қиын», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Қабделов.

Қазіргі таңда майлы дақылдарды теру жұмыстары жалғасуда. Зығыр, рапс егілген 510 мың гектар аумақтың 347-сіне орақ түскен. Орташа шығым – гектарына 4,8 га. Бұл да былтырғы көрсеткіштен әлдеқайда төмен. Жазғы аптап ыстықтан облыстағы 74 мың гектар алқап күйіп кеткен. Соның нәтижесінде, жүздеген шаруа сақтандыру төлемақысына қол жеткізді.

Айта кетейік, биылғы орақ науқанының толық нәтижесі қараша айының бас кезінде өтетін дәстүрлі агрожиында қорытындыланады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1061325
Пікірлер

Көрші сілтемелер