Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-192440715839 %61 %
2019-11-201983628842 %58 %
2019-11-21353124854 %46 %

СҚО-да азық-түлік бағасы қымбаттады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 01:51 - 2019/10/14


СҚО-да азық-түлік бағасы қымбаттады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында статистика департаменті өткен тоғыз айдағы инфляция бойынша мәлімет беріп, қыркүйек айындағы күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасын есептеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО статистика департаментінің ақпарынша, қыркүйек айындағы күнкөріс минимумы 30 мың 085 теңгені құрады. Тұтыну қоржыны жыл басынан 22% артқан. Шығынның үлкен бөлігі ет пен балықты алуға, сүт өнімдері мен жұмыртқаға, көкөніс пен жеміс-жидекке тиесілі екен.

Соңғы тоғыз айда инфляция 3,5% жеткен. Ұн, күріш, нан-тоқаш және ұннан пісірілетін кондитерлік тағамдардың, макаронның, жарма мен жұмыртқаның, балық, сүт өнімдері, ет пен жеміс-жидектің бағасы өсті. Соның ішінде банан бірден 22% қымбаттады.

Апельсин мен жүзім аздап арзандады. Сонымен бірге маусымдық көкөністер – қияр, қызанақ, бұрыш пен қызылша бағасы төмендеді. Ал сәбіз, картоп, пияз бен қырыққабат керісінше 15% пен 26% аралығында қымбаттады.

Қымбаттаған тауарлардың ішінде канцелярия, құрылыс материалдары, киім-кешек пен аяқ киім, жууға арналған заттар мен дәрі-дәрмек бар.

Сондай-ақ, солтүстікқазақстандықтар жалға берілетін пәтер үшін, демалыс орындарында көңіл көтеруге және сән салондарында әдеттегіден көбірек ақша төлейтін болады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1059416
Пікірлер

Көрші сілтемелер