Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-192440715839 %61 %
2019-11-201983628842 %58 %
2019-11-21353124554 %46 %

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 00:36 - 2019/10/14


Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 14 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жексенбіге арналған ауа райы болжамы Синоптиктер екі өңірде ескерту жариялады Елдің басым өңірінде құбылмалы күн райы сақталады

Қазақстанның басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте атмосфералық фронтальді бөліктерінің өтуіне байланысты кей жерлерде жел күшейіп, жаңбыр жауады.

Кей жерлерде республика бойынша тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1059405
Пікірлер

Көрші сілтемелер