Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-192440715839 %61 %
2019-11-201983628842 %58 %
2019-11-21334111654 %46 %

Қазақстан футбол құрамасы өз алаңында Бельгиядан жеңіліп қалды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:03 - 2019/10/13


Қазақстан футбол құрамасы өз алаңында Бельгиядан жеңіліп қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан ұлттық құрамасы «Астана Аренада» Бельгияны қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойынның турнир кестесі тұрғысынан ешқандай маңызы жоқ еді: Бельгия құрлық чемпионатына баратын жолдаманы өткен турда алып болған, ал Қазақстан ондай мүмкіндіктен Кипрден ұтылған соң үзілді-кесілді айырылған.

Сондықтан екі құраманың бапкерлерінің алдында екі түрлі мәселе тұрды: Роберто Мартинес алдағы маңызды матчтарға тактикалық дағдыларды жетілдіруге көңіл бөлсе, Михал Билек шәкірттері өз жанкүйерлерінің көз алдында жақсы ойын көрсету үшін намысқа тырысты.

Қазақстан құрамасы ойынды жақсы бастады деуге болады. Тіпті кей тұстарда азулы қарсыласпен терезесі тең ойын көрсетіп те жүрді, қорғаныс шебі қырағы болды. Алғашқы жиырма минутта қонақтар ырымға бір қауіпті шабуыл ұйымдастыра алған жоқ. Өкінішке қарай, сол қырағы қорғаныс 21-минутқа келгенде бір сәт қана алаңсыз болып қалды. Соның өзі бельгиялықтардың есеп ашуына жеткілікті болды. Жартылай оң қанатта Қазақстан қорғанысының екі шебінің арасынан Деннис Прат күтпегенде сытылып шыға келді де, командаласынан допты алған бетте қақпашы алаңқайының ішіне – тура Миши Батшуайиге дәл пас берді. 23-нөмірдегі шабуылшы мүмкіндікті мүлт жіберген жоқ.

Екінші тайм да біршама тең ойынмен басталғандай болды. Қонақтар жиі шабуылдағанмен, мүмкіндік аз болды. Бірақ 53-минутта қонақтардың капитаны Эден Азар тағы да жартылай оң қанаттан ашыла бастаған Тома Меньеге дәл кросс жасады. Осы жерде командалардың, ойыншылардың жалпы деңгейі белгілі болды. Допты өзіне сәтті өңгеріп алған Менье Непогодов қақпасына дәл соққы бағыттап, есепті еселей түсті.

Ойын аяғына қарай бельгиялықтар тағы да гол соғу үшін шабуылдар ұйымдастырды, бірақ алаң иелерінің қорғанысы енді сыр берген жоқ. Осылайша, ойын 0:2 есебімен аяқталды.

І тобында 8-турдан кейін Қазақстан 7 ұпаймен 4-орында қалды. Ал Бельгия толық 24 ұпаймен кесте басына нық жайғасты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1059382
Пікірлер

Көрші сілтемелер