Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-192440715839 %61 %
2019-11-201983628842 %58 %
2019-11-21334111654 %46 %

Семей тұрғыны сүйіктісінің атына үш несие алған



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:15 - 2019/10/13


Семей тұрғыны сүйіктісінің атына үш несие алған

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде сүйіктісінің атына үш несие алған ер адам тергеліп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Келіншек Затон полициясы бөліміне алаяқтық фактісі жөнінде арызданды. Ол 3 қазан күні белгісіз адамдар оның атына «Money man», «Шын сөз», «Вики» сайттары арқылы 538 000 теңгеге 3 онлайн-несие рәсімдегенін айтты», - деді ведомстводан.

Жедел іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері алаяқты ізін суытпай қолға түсірді. Белгілі болғандай, несиені зардап шеккен әйелмен бірге тұратын 31 жастағы ер адам рәсімдеген. Ол келіншектің құжаттарының реквизиттері мен банк картасының нөмірін пайдаланған.

Аталмыш дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1059360
Пікірлер

Көрші сілтемелер