Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-192440715839 %61 %
2019-11-201983628842 %58 %
2019-11-21334111654 %46 %

Футболдан 19 жасқа дейінгі ҚР құрамасы Грузияға есе жіберді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 16:48 - 2019/10/13


Футболдан 19 жасқа дейінгі ҚР құрамасы Грузияға есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында кезекті ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР футбол федерациясының ақпаратына сәйкес, 12 қазан күні Мажарстанның Дьер қаласында қазақстандықтар Грузия құрамасымен кездесті. Матч қарсыластардың пайдасына 3:1 есебімен аяқталды. Біздің командадан жалғыз допты Жалғас Жақсылықов соқты.

Қазақстан U-19 сапында Пузанов (Байшылықов 46), Савкив, Жақсылықов, Бауыржан, Иманғазиев (Мырзабек 83), Жұмабек, Зыкырьянов (Жарлаев 46), Әжімов (К), Добай (Митрофанов 75), Герасимов (Мұхамед 75), Майдан ойнады. Бапкер - Александр Фамильцев.

Грузия U-19 құрамында Куталадзе, Капанадзе, Гелашвили, Каландадзе, Джангидзе, Азаров, Меквабишвили, Гулиашвили, Давиташвили (К), Якобидзе, Моисцрапешвили (Месяченко 61) ойнады. Бапкерлері - Рамаз Сванадзе.

Грузия U-19 - Қазақстан U-19 - 3:1 (2:0)

Голдар: Якобидзе 40, 65, Давиташвили 42 - пенальти - Жақсылықов 48

Ескертулер: Меквабишвили 44, Джангидзе 47 - Добай 15, Әжімов 45+2, Жарлаев 90+1, Мырзабек 90 + 3

Төрешілер: Фесник, Неаску (екеуі де - Румыния), Солой, Богар (екеуі де - Венгрия)

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1059349
Пікірлер

Көрші сілтемелер