Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-12711272041 %59 %
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-14349119138 %62 %

Қазақстанда 5 мың жас кәсіпкерге ақысыз онлайн курс өткізіледі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 00:24 - 2019/10/11


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» академиясының онлайн-платформасымен бірлесе отырып, тегін «Жас кәсіпкер» деп аталатын онлайн-курсын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Арыста кәсіпкерлерге «Бизнес бизнеске көмектеседі» жобасы аясында қолдау көрсетілді Ақтөбеде ауыл әйелдерінің форумы өтті Елімізде өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағы құрылды

Курстың мақсаты - өз ісін бастағысы келетін жастар үшін барлық қажетті ақпаратты бір сандық алаңға жинау. Еліміздің кез келген аймағынан 5 мыңға жуық адам онлайн режимде білім ала алады. Ең бастысы оқыту жүйесі тегін.

Курсқа қатысқысы келген адам 22 қазанға дейін «Jas Kasipker» курсын аяқтап, бизнес-жоспар құру керек. Ол үшін atameken.co платформасында тіркеліп, курс студенттеріне арналған телеграм чатқа жазылу керек.

Айта кету керек, «Jas Kasipker» онлайн-платформасы — «Бастау Бизнес» деп аталатын ірі білім беру жобасының бір бөлігі.

Курс қазақ және орыс тілдерінде видео сабақтар форматында өтеді. Онда 10 модульден құралған 20 сабақ және онлайн тапсырмалар бар. Сабақтың тақырыптары өте ауқымды. Қатысушылар сұранысқа ие болатын бизнес идеяларды қалай табуға болады, қаржыландыруды қайдан табасыз, маркетинг пен менеджменттің негіздері, сондай-ақ, қаржылық және құқықтық мәселелердің барлық ерекшеліктерін меңгеретін болады. Курсқа сарапшы ретінде «Атамекен» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының мамандары, Агрокредит корпорациясының, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының менеджерлері таңдалған.

Курс аяқталғаннан кейін, қатысушылар арасында бизнес-жоспарлар байқауы өтеді. Бас жүлде - 500 мың теңге. Сонымен қатар, ең көп дауыс жинаған үздік бизнес-жоспарға сыйлықтар ойнатылады. Олар: бизнес-тәлімгерден кеңес алу, сіздің жобаңызға арналған жарнамалық бейнеролик, сіздің бизнесіңізге арналған Landing page сайтын жасау, сондай-ақ, Brand book бренд кітабын құрастыру.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1058469
Пікірлер

Көрші сілтемелер