Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-12711272041 %59 %
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-14349119138 %62 %

Қарағанды облысында бес браконьер ұсталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 23:54 - 2019/10/10


Қарағанды облысында бес браконьер ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Табиғатты қорғау полициясы Қарағанды облысы Балқаш қаласының бес тұрғынын ұстады. Олардың автокөлігінен құқық қорғау органдарының қызметкерлері шамамен 4 қап жануар етін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмолада кейуананы үйінің кіре берісінде тонаған күдікті ұсталды Қызылордада мәйітханада алаяқтық жасаған адам сотталды Елордада психо-неврологиялық диспансерден қашқан ер адам іздестіріліп жатыр

Ағымдағы жылдың 6 қазанында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Ақтоғай ауданының аумағында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған іс-шаралар өткізу кезінде Қызыларай ауылынан 25 шақырым жерде Қарақойтас қыстағына жақын жерде облыстың табиғат қорғау полициясы қызметкерлерімен 36 жастағы жүргізуші мен 51 жастағы жүргізуші басқаруындағы 2 автокөлік, сондай-ақ үш жолаушы тоқтатылды. Олардың барлығы Балқаш қаласының тұрғындары екені анықталған.

«Визуалды тексеру кезінде екі автомашинадан полиция қызметкерлері 4 қапқа салынған арқар немесе бұғы жануарының етін тапты, аталған етті тасымалдауға немесе сатып алуға қандай да бір рұқсат құжаты болмаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлері тексеру барысында оқиға орнын тауып, тегіс ұңғылы және ойық қаруларды тапты.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1058465
Пікірлер

Көрші сілтемелер