Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-12711272041 %59 %
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-14420135937 %63 %

Павлодарда 6 бала тамақтан уланып қалды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:57 - 2019/10/10


Павлодарда  6 бала тамақтан уланып қалды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласына қарасты Павлодар ауылының мектебіндегі асханада тамақтанған 6 бала уланып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Бангладеште Нобель сыйлығының лауреаты қамауға алынды Аустриядағы әуежай аумағында жарылыс болды Қозғалтқышы өртенген жолаушылар  ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы өзінің facebook желісіндегі парақшасында жазды. - Бірден айта кетейін, жағдай менің жеке бақылауымда. Оқиғаның мән-жайы анықталатын болады»,- деп жазды Дінислам Болатханұлы.

Қазір оқиға орнында Павлодар білім беру бөлімінің және қоғамдық денсаулықты бақылау органының өкілдері жұмыс жасауда. Жақын арада тексеру нәтижелері дайын болады. Басқарма басшысы балалардың ата-анасынан кешірім сұрады. - Білім ордасындағы оқиға біздің кінәмізден орын алмаса да, жауапкершілікті сезініп, денсаулықтарына қауіп төнген балалардың ата-анасынан үлкен кешірім сұраймын. Қазіргі уақытта бес бала емханада, бір бала үйінде ем қабылдауда. Дәрігерлер балалардың жағдайы қанағаттанарлықтай екендігін хабарлады. Тағы да атап өтейін, балалардың денсаулығы – ең маңыздысы! Олардың тезірек жазылып кетуін тілейміз»,- деп атап өткен облыстық білім беру басқармасының басшысы.

Дінислам Болатханұлының айтуынша, жағдай анықталуда. Асхананы жалға алушының әрекеті тексеріліп жатыр. Шешім санэпидемиологтардың ресми қорытындысынан кейін шығады.
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1058453
Пікірлер

Көрші сілтемелер