Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-12711272041 %59 %
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-14420135937 %63 %

Түркістан облысында 9 айда 100 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек берілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:27 - 2019/10/10


Түркістан облысында 9 айда 100 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек берілді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында биылғы жылдың 1 қазанындағы есеп бойынша атаулы әлеуметтік көмек 99,7 мың отбасыға, нақты 577,8 мың адамға тағайындалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары 35 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады Асқар Мырзахметов ауқымды жобаға енген ауыл тұрғындарымен кездесті Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мүгедектер күніне орай бір реттік төлем төленеді

Оның ішінде 352,4 мыңы – балалар, 65,7 мың отбасы – көп балалылар. Бүгін бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлім етті. Облыста АӘК төлеуге көзделген 60,7 млрд теңге қаржының бүгінгі таңда 71%-ы, 43 млрд теңгесі игерілген. «АӘК төлемдері мен жұмыспен қамту шаралары қиын өмірлік жағдайдан шығу үшін көптеген отбасыларға көмектесті. Мұқтаж отбасылар мемлекет тарапынан шынайы қолдау көрді, оның жартысы дерлік көпбалалы отбасылар, сондай-ақ, кейбіреулері аз қамтылғандар санатынан шықты. Облыста жалпы 62,8 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, 1 мың адам кәсіпкерлікті дамытуға микрокредиттер алды, оның ішінде кәсіпкерлікті дамыту үшін 74 көпбалалы отбасы, мүгедектігі бар тұлғалар және жастар шағын несиелер алды. Сондай-ақ, бизнес идеяны іске асыруға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 1,2 мың грант берілді, оның ішінде 120 көпбалалы отбасы алды. АӘК-нің біржолғы төлем есебінен 5439 адам өз ісін ашты, оның ішінде 1909 адам - көпбалалы ана», – деді Әсия Құралқызы. Алайда, АӘК-ті заңсыз тағайындауға алып келген 18 мыңнан астам отбасының өзінің нақты табысын жасырғандығы анықталған. Нәтижесінде облыста жүргізілген мониторингтің қорытындысы бойынша 3 млрд теңгеге жуық қаржы үнемделіп, артық төленген 650 млн.теңгенің 38,8 млн теңгесі қайтарылып отыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1058443
Пікірлер

Көрші сілтемелер