Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-1524280324 %76 %

Дін - тәрбиенің рухани тірегі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:27 - 2019/10/10


Дін - тәрбиенің рухани тірегі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дінтанушы Гүлнәр Жұманова «MGM STAN» диагностикалық орталық қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде балаларға діни кітап таратқан ұйым іздестіріліп жатыр Елдегі дінаралық келісім мен толеранттылық сақталуға тиіс Балаларын «шаһид» қылу үшін Шам асты – жат ағым жетегінде кеткен келіншектің анасы

Гүлнәр Жұманова медицина қызметкерлеріне, дін – тәрбиенің рухани тірегі екендігін түсіндірді. Оның айтуынша, діни сауаты жоқ адамдар теріс ағымдардың соңынан ілесіп кетуі мүмкін. Әсіресе, жастар.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың бойына діни радикализмге қарсы иммунитет қалыптастыру керек»,-деген болатын. Бұл санамызға тек қажетті ақпаратты ғана қабылдап, керек емесін қабылдамау қажет деген сөз. Теріс ағымдар психологиялық тұрғыда алдау-арбау арқылы дегендеріне жетеді. «Тоғыз жолдың» бірі дұрыс емес болып қалуы мүмкін. Сондықтан абайлап жүру қажет», – деді дінтанушы.

Дінтанушы Гүлнәр Жұманованың айтуынша, қазіргі уақытта еліміздегі дін мәселесінің күн тәртібінде тұруына бір ғана себеп бар. Ол сенім мен танымға байланысты. Сенім Исламда бір, ол барлық әлемдегі мұсылмандарға ортақ. Яғни, Алла - бір, құран - шын, пайғамбар - хақ. Ал, танымға келсек әрбір мұсылман адам өзінің ұлттық дүниетанымдық көзқарастарымен таниды. Біздің ата-бабаларымыз да осы әдістерді қолданған.

«Өкінішке қарай, қазіргі таңда Ислам дінін, құндылықтарын насихаттауда көптеген методологиялық қайшылықтар болғандықтан көпшілік арасында дінді түсіну қиынға соғуда. Әсіресе жастар арасында дәстүрлі діни танымынан ауытқып, дінді дәстүрден алшақтап, өз тарихын мен мәдениетін терістеу «бидғат», «ширк» деген сөздерді жиі естиміз. Діни танымды анықтайтын - өзіміз. Адамдар дінге бет бұрып жатса, онда алдымен діни сауатын арттыру қажет деп ойлаймын», - дейді Гүлнәр Жұманова.

Кездесуге жиналғандар, бүгінгі әлемде, қоғамда болып жатқан террорлық әрекеттер мен дінаралық қақтығыстар туралы, сондай-ақ, қазіргі уақыттағы дәстүрлі емес діни ағымдардан қалай сақтану керектігі жөнінде көптеген мағлұматтар алды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1058350
Пікірлер

Көрші сілтемелер