Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-151347355232 %68 %
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-1710518424 %76 %

Қазақстанда алаяқтыққа жол беретін туроператорлардан сақтану шаралары күшейтілмек



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 17:15 - 2019/10/10


Қазақстанда алаяқтыққа жол беретін туроператорлардан сақтану шаралары күшейтілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев туристік сапарларда қазақстандықтардың құқығын қорғауды күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан қай елдерде сауда өкілдігін ашады Мәжіліс депутаты бюджеттегі түзетулерді сынға алды 2021 жылы бюджеттік жоспарлау қағазсыз жүргізіледі

«Туристік бизнесті реттеу мақсатында министрлік шетелге сапарлау туризмі саласында азаматтар құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қолданыстағы тетігін жетілдіруді ұсынады. Заң жобасының осы бөлігінде азаматтарды қорғау деңгейін көтеру бойынша шаралар кешенін ұсынып отырмыз», - деді Ө. Бисақаев Парламент Мәжілісінде «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыра отырып.

Оның сөзіне қарағанда, нарықта қызмет көрсететін кейбір туроператорлар міндеттемелерін тиісті деңгейде орындамауына байланысты заңнамаға түзетулер енгізу қажеттігі туындады.

Вице-министрдің пайымынша, қолданыстағы заңнама талаптарын бұзған туристік саладағы субъектілер үшін лицензияны тоқтату тұру бойынша тетіктік жоқтығы осы салада азаматтардың құқықтарына толықтай кепілдік беруге мүмкіндік жасамайды.

«Атап айтқанда, жазасыздықты сезініп жүрген кейбір туроператорлар туристерге қиянат жасап жүргенін атап өткен жөн», - деді ол.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1058298
Пікірлер

Көрші сілтемелер