Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-19729232138 %62 %
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-21110 %100 %

Ақтөбеде «Жан серігім - домбыра» дәстүрлі әнші-жыршылардың байқауы басталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 16:39 - 2019/10/10


Ақтөбеде «Жан серігім - домбыра» дәстүрлі әнші-жыршылардың байқауы басталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі «Жан серігім - домбыра» дәстүрлі әнші-жыршылардың байқауына қатысушылар Қызыл Тұрдалыұлы, Сары Батақұлы, Наурызбек жырау, Тәңірберген Молдабай, Шернияз Жарылғасұлы сияқты Ақтөбе өңірінен шыққан ақын-жыраулардың шығармаларын орындайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордалық оқушылар Шиелі ауданында қазақ дәстүрімен танысты Қызылордадағы көркемсурет галереясы жаңа туындылармен толықты «Елтану» экспедициясы Қарағандыдан Павлодар облысына аттанды

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру мақсатында Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармонияның 75 жылдығы, Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай «Жан серігім-домбыра» дәстүрлі әнші-жыршылардың республикалық байқауы өтіп жатыр. Байқауға Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Ақтөбе облыстарынан және Нұр-Сұлтан қаласынан үміткерлер қатысады. «Халық ықыласына бөленген даңқты өнер иелері Қызыл Тұрдалыұлы, Сары Батақұлы, Наурызбек жырау, Тәңірберген Молдабай, Шернияз Жарылғасұлы, Нұрпейіс Байғанин, Бәкір Тәжібаев секілді Ақтөбе өңірінен шыққан ақын-жыраулардың, сазгерлердің шығармаларын кеңінен насихаттау, жас орындаушылардың өнерін дамыту мақсаты көзделді. Бұрын аймақтық еді, Мәдениет және спорт министрлігі, облыс әкімдігі, мәдениет басқармасының қолдауымен республиканы қамтып отыр. Тек 18-35 жас аралығындағы өнерпаздардан өтініш қабылданды», - деді облыстық филармонияның директоры Елубай Кенжалиев. Әділқазылар құрамында әнші Ғ.Құрманғалиевтің шәкірті Хайдар Өтеғалиев, белгілі жыршы, күйші Елдос Еміл бар. «Байқау - адамның көңіліне демеу беретін, медеу беретін нәрсе. Елдің негізгі рухани діңі өнер болғандықтан осыны ардақтап, болашаққа жеткізу парыз. Қазақстанның барлық өңірінде бар, дегенмен Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе, Оралда жыршылық әлі өлген жоқ. Байқау ұлттық өнерді сақтап қалуға, дамытуға септігін тигізері сөзсіз», - деді белгілі жыршы, күйші Елдос Еміл.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1058275
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар