Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-23254196921 %79 %

Польшада өтетін Еуровидениеде Ержан Максим қандай ән айтады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 16:30 - 2019/10/10


Польшада өтетін Еуровидениеде Ержан Максим қандай ән айтады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жас әнші Ержан Максимнің «Арманнан қалма!» атты әнінің тұсауы кесілді. (Don’t forsake your dream). Ол оны 24 қарашада Польшаның Гливице қаласында өтетін «Junior Eurovision» халықаралық вокалдық байқауында орындайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде «Ерназар-Бекет» драма - дастаны сахналанды Ақтауда халықаралық театр фестивалі басталды СҚО-да ерекше жастар театры ашылды

Алматыда өткен баспасөз мәслихатында байқауға арналған әннің бейнебаяны көрсетілді. Оның режиссері - Александр Фломбойм, продюсері - Сергей Руцкий. Әннің авторлары -Хамит Шанғалиев, Данияр Алдабергенов және Тимур Балымбетов.

« Әннің мағынасы – армандаудың маңыздылығы және арманға жету жолындағы қиындықтарға берілмеу қажеттілігі жайында. Өзіме бұл ән келеді деп ойлаймын. Бейнебаянда мен, ханшайым болуды аңсаған кішкентай қыздың арманын іске асырушы сиқыршының рөлін сомдаймын. Бұл менің алғашқы бейнебаяным. Барлығыңызға ұнайды деп сенемін», - деді Ержан Максим.


«Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембинаның айтуынша, агенттік 2016 жылдан осы байқауды ұйымдастырып келеді. Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) мүшесі болып табылады.

«Ұзақ келіссөздерден кейін Қазақстанның атынан байқауға бір үміткерді ұсынуға мүмкіндік туды», - дейді ол.

Биыл «Хабар» агенттігі ұлттық іріктеуді өткізбей-ақ, Ержан Максимнің кандидатурасын ұсынуға шешім қабылдады.

«Ол өткен жылы Еуровидениенің ұлттық іріктеуіне қатысып, екінші орынға ие болды. Ержан Ресейдің «Дауыс» жобасына қатысуымен танымал және тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар көрші елдердің де көрермендеріне жақсы таныс. Оның Қазақстанды халықаралық аренада лайықты түрде таныта алатындығына сенімдіміз «, - деді Динара Бисембина.

Байқаудың финалын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, Қазақстан бұл байқауға алғаш рет 2018 жылы Минскіде (Беларусь) қатысты.Сол байқауда Қазақстанның атынан «Өзіңе сен» әнімен Данэлия Төлешова шықты. Ол алтыншы орынға ие болды. Бас жүлдені польшалық Роксанна Венгель иеленген болатын. Екінші орынды Франция әншісі Ангелина жеңіп алса, үшінші орын австралиялық Джаэль Уенаға бұйырды.




Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1058270
Пікірлер

Көрші сілтемелер