Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-15565158330 %70 %

Түркістанда инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыстар жүруде



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 15:03 - 2019/10/10


Түркістанда инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыстар жүруде

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында инвесторлардың құқығын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында инвесторларды қолдау өңірлік фронт-офисі ашылды «АХҚО инвесторлары халықаралық апталығы» Түркістанда басталды Инвестиция тарту жұмыстарын қағазбен емес, іспен жүргізу керек – Оңдасын Оразалин

Қазіргі таңда бизнесті қорғау, қолайлы инвестициялық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендетуді облыстық Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жүзеге асыруда.

Бүгінде ҚР Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Сыртқы істер министрлігі, сондай-ақ Инвестициялар және даму министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, бюрократия тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасын жүзеге асыруда.

Аталған жобаға қатысуға ниет білдірген кәсіпорындар қатарында Түркістан облысында орналасқан «Golden Camel» ЖШС де бар. Бірнеше ай бұрын құрғақ түйе сүт өнімдерін өңдейтін зауытқа белгісіз тұлғалар Түркістан облысы Экология департаментінен тексеру тағайындалғанын айтып, тексеріс жұмыстарын жүргізбек болған. Алайда, өрескел құқық бұзушылықтармен тағайындалған тексеріске күдіктенген серіктестік басшылығы келісімшартқа отырған «Protecting Business and Investments» жобалық кеңсесімен байланысып, жедел тексеру тағайындаған мемлекеттік органға хабарласқан. Нәтижесінде ақпараттық талдау жұмыстары жүргізіліп, аталған тексеру Департамент тарапынан тағайындалмағаны және тексеру жұмысын жүргізуге келген азаматтар алаяқтар екені анықталды.

Осындай оқиға өңірдегі «Джон Бан Металл Пром» ЖШС-інде де орын алған. Бұл мекеме жұмысына Көші-қон полиция тарапынан тексеріс жұмыстары жүргізілгендігі және заңды түрде Республика аумағында жүрген шетел азаматтарының құжаттарын алып кеткені туралы ақпарат келген. Аталған ақпаратты серіктестік қызметкерлері жобалық кеңсеге жеткізіп, тез арада заңсыз алынған құжаттар иелеріне қайтарылды. Бүгінде жобалық кеңсе қызметкерлері құқық және заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында облыстағы барлық бизнес субъектілерін біріге жұмыс істеуге шақырып отыр.

Айта кетейік, аталған жоба бойынша келісім шартқа қол қойған кәсіпкерлерге Қазақстан аумағында аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат сыбайлас жемқорлық деректерінен 100 % қорғауға кепілдік береді. Жалпы Түркістан облысы құрылған сәттен бастап, 405 млрд теңге болатын 15 ірі инвестормен келісім шартқа қол қойылған.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1058225
Пікірлер

Көрші сілтемелер