Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-1524280324 %76 %

Тергеу амалдары «Астана LRT» құрылысына кедергі келтірмейді - агенттік



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:12 - 2019/10/10


Тергеу амалдары «Астана LRT» құрылысына кедергі келтірмейді - агенттік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Астана LRT» ісіне қатысты тергеу амалдары нысанның құрылысына кедергі келтірмейтінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Астана ЛРТ» ісі тергеуге қатысты тың деректер жарияланды Мемлекет басшысы LRT құрылысына қатысты істі тергеуді жеделдетуді тапсырды LRT құрылысына Халық банк көмектеседі

«Тергеу «Астана LRT» құрылысына кедергі келтірмейді. Оның үстіне біз құрылыс нысандарының соңғы алыс-берісін аяқтап қалдық», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екінші департаментінің басшысы Сергей Перов.

Департамент басшысы сонымен бірге тергеу амалдары ЛРТ басшылығының өтінімі бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Тексеру барысында жымқыру фактілері анықталды. Сол себепті, тергеу жалғасуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, іс ерекше бақылауға алынды. Тергеу амалдары өткен жылы басталған. Әу баста іс 2018 жылдың қаңтарында қозғалған», - деді Сергей Перов.

Еске салсақ, Президент LRT құрылысын жеделдетуді және оған қатысты істі тергеуді тапсырды.

Бұған дейін LRT-ның құрылысы уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Оған қатысты Үкімет басшысы Асқар Мамин пікір білдірді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1058130
Пікірлер

Көрші сілтемелер