Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-19729232138 %62 %
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-21320127968 %32 %

Шығыс Қазақстанда екі шенеунікке сот үкімі шықты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 11:18 - 2019/10/10


Шығыс Қазақстанда екі шенеунікке сот үкімі шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы жемқорлық қылмыстары үшін сотталды. Бұл жайында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ЕҚЫҰ Қазақстанның тәжірибесіне қызығушылық танытты Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия Нұр-Сұлтан декларациясын қабылдайды Қазақстан жемқорлыққа қарсы ымырасыз күресті дәйекті түрде жүргізіп келеді – Президент

«Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін күдікті болған облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы А.Арсламбаевқа және «ШҚО тұрғын үй-пайдалану басқармасы» ЖШС директоры А.Әубәкіроваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады»,- делінген ведомство ақпаратында.

Агенттік мәліметінше, олар «ШҚО Өскемен қаласының Самар тас жолы бойынша «Өркен-ЖМК» индустриялық аймағына инфрақұрылым құрылысы», «ШҚО Ұлан ауданы Украинка ауылындағы су құбыры мен су тарту желілері құрылысы», «ШҚО Ұлан ауданы Сағыр ауылындағы сумен жабдықтау желілерінің құрылысы» нысандары бойынша жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге бөлінген 70,1 млн теңге сомаға орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Осы жылдың 9 қазанында Өскемен қаласының № 2 сотының үкімімен А. Арсламбаев жоғарыда көрсетілген қылмыстардың барлық құрамы бойынша мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге; А.Әубәкірова аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлағаны, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланғаны және қызметтік жалғандық жасағаны үшін мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 4 жыл 7 айға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1058038
Пікірлер

Көрші сілтемелер