Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-15565158330 %70 %

«The Planet of ART-2019» халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 10:18 - 2019/10/10


«The Planet of ART-2019» халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «The Planet of ART-2019» халықаралық фестиваль мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық мәдени шараға Орта Азия елдері, Ресей мен Қазақстанның барлық аймақтарынан вокалистер, бишілер мен әртүрлі музыкалық аспапта ойнайтын балалар жиналды. 12 жастан 17 жасқа дейінгі жас дарындылар қатысқан байқау үш номинация бойынша екі кезеңмен өтті.

Қазылар алқасы танымал музыканттардан, мәдениет қайраткерлерінен, музыка әлеміндегі белгілі мамандардан құралды.

«The Planet of ART-2019» халықаралық фестиваль- байқауына жалпы 3500-үміткер қатысты. Олардың ішінде 16 бала финалға шықты.

«Вокал» номинациясы бойынша бас жүлде Анна Чечеринаға (Ресей) бұйырды, ал«Хореография» номинациясында Абай Юсупов (Қазақстан) үздік деп танылды.

«Музыкалық аспаптар» номинациясын Азиза Орузбаева (Қырғызстан) жеңіп алды.

Сонымен қатар, Алматы әкімінің арнайы сыйлығын қазақстандық Санжар Сағындықов алды.

«The Planet of ART-2019» халықаралық фестиваль-байқауы еліміздің барлық облыстары мен көрші мемлекеттерден келген 12-17 жас аралығындағы жаңа қатысушыларға есігін айқара ашты. Бұл жоба әлеуметтік сипатқа ие. Әсіресе, шалғайдағы орналасқан ауылдардағы талантты балаларды үлкен сахнаға алып шыққымыз келді. Сондай-ақ, олардың шығармашылық әлеуетін дамтып, халықаралық деңгейдегі байқауға қатысуға мүмкіндік бердік. Конкурсқа қатысқан балалардың барлығы бірінен- бірі өткен дарынды. Байқаудың аты байқау тек мықтылар ғана шығуы керек. Біз әділ бағасын бердік деп ойлаймыз»,- дейді Қазақстандық ұлттық Юнеско клубтары федерациясының gрезиденті Болат Ақшолақов.

Айта кетейік, «The Planet of ART-2019» халықаралық байқауы Қазақстандық ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен өтті.

Гала-концертке фестиваль жеңімпаздары мен лауреаттары қатысты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1058005
Пікірлер

Көрші сілтемелер