Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-151347355232 %68 %
2019-10-1614431128 %72 %

10 қазан. Туған күн иелері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 08:12 - 2019/10/10


10 қазан. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 10 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


61 жыл
бұрын (1958) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік Комитетінің мүшесі Әлімжан Сейітжанұлы ҚҰРТАЕВ дүниеге келген.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (1980) бітірген, инженер.

Еңбек жолы: Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты Қызылорда филиалының оқытушысы (1980-1981); Қазақ КСР Шымкент қаласының ішкі істер органдарында қызмет етті (1981-1982); Шымкент қаласы үй құрылыс комбинатының шебері, бас инженері (1982-1985); Ғылыми қызметпен айналысты (1985-1990); Құрылыс индустриясының қызметкері (1990-1993); Арыс қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, әкімнің кеңесшісі, Оңтүстік Қазақстан облыстық көші-қон және демография басқармасының бастығы, ҚР Көші-қон және демография жөніндегі агентік төрағасының орынбасары (1993-2004); Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының әкімі (2005-2009); «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС директоры (2009-2012); Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі (2012-2013); «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС директоры (2013-2016).

Қазіргі лауазымын 2017 жылдан бері атқарып келеді.


61 жыл бұрын (1958) Алматы облысының Жамбыл ауданының әкімі Бағдат Байшалұлы ӘЛИЕВ дүниеге келген.

Алматы облысында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1986), ғалым-агроном.

Еңбек жолы: Дегерес жылқы зауытының аға шопаны (1975); Дегерес аулының бастауыш комсомол ұйымының хатшысы (1979-1984); Алматы облысы Жамбыл аудандық комсомол комитетінің хатшысы (1984-1985); Дегерес жылқы зауытының агрономы (1985-1988); Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының ғылыми ұйымдастырушысы (1988-1991); Дегерес жылқы зауытының бастауыш партия ұйымының хатшысы (1991); Халық депутаттары аудандық кеңесінің аға референті, аппарат жетекшісі, Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің көмекшісі (1992-1994); «Ақтерек» қой шаруашылығының директоры (1994-1996); Алматы облысы Жамбыл аудандық жер комитетінің төрағасы (1996-1998); «Сұңқар» АШӨК төрағасы (1998-2002); Алматы облысының әкімі аппаратының еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің мемлекеттік инспекторы (2002-2003); Алматы облысы Жамбыл ауданының «Отан» партиясы төрағасының орынбасары (2003-2004); Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы (2004-2009); Алматы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы (2009-2013). Кербұлақ ауданының әкімі (2013-2018). Қазіргі қызметінде 2018 жылдың мамыр айынан бері.


49 жыл бұрын (1970) Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Бекболатұлы ЖҰМАШЕВ дүниеге келді.

Маңғыстау облысының Жетібай ауылында туған. Еңбек жолын 1992 жылы «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамында инженер-химик қызметінен бастады. 1997-2010 жылдары білім саласында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды және Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңесшісі болды. 2010-2012 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2012-2014 жылдары «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2014-2015 жылдары «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары, кейін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының кеңесшісі болды. 2015 жылдың қараша айынан бастап «Nur Otan» партиясының Хатшысы қызметін атқарды.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың маусымынан.


43 жыл бұрын (1976) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Сағындықұлы АҚШАНОВ дүниеге келді.

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Сілеті ауылында туған. 1999 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін «АӨК саласындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша үздік бітірді.

2000-2004 жылдар аралығында несие сарапшысы, Павлодар қаласындағы «Казкомерцбанк» АҚ және «Қазақстан халық банкі» АҚ филиалдарында Еуропа қайта құру және баму банкі бағдарламаларын жүзеге асыру секторының меңгерушісі болып қызмет етті. 2004–2010 жылдар аралығында «АТФ Банк» АҚ қабырғасында Атырау қаласы филиалының тәуекел-менеджері, несие тәуекелдері басқармасының бастығы, тәуекел-менеджмент департаменті директорының орынбасары болып еңбек етті. Сауда департаментінің директоры және Алматы қаласы бойынша филиалының директоры болып қызметін жалғастырды. 2011-2016 жылдар аралығында «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорында Алматы филиалының директоры, Басқарма төрағасының кеңесшісі, HR-департаменті және Кепілдендіру департаментінің директоры болды. 2016 жылы Кепілдендіру және ақпараттық технологиялар департаментінің қызметін қадағалайтын Басқарушы директор лауазымына көтерілді. 2016-2017 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ атқарушы директоры, 2017-2018 жылдары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

Қазіргі қызметінде – 2018 жылдың маусымынан.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1057978
Пікірлер

Көрші сілтемелер