Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-151347355232 %68 %
2019-10-1614431128 %72 %

Қар аралас жаңбыр, бұршақ – 10 қазан күнгі ауа райы болжамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 07:33 - 2019/10/10


Қар аралас жаңбыр, бұршақ – 10 қазан күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 10 қазан күні Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болады. Соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстік-батыста және солтүстікте атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста – түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар аралас жаңбыр), солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал. Ел бойынша жекелеген өңірлерде тұман, екпінді жел, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды Синоптиктер қазанның 9-ы күнгі ауа райы болжамын жария етті Атырау облысында тұман түсіп, найзағай ойнайды

Атап айтқанда, таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысында желдің күші екпіні 25 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.

Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерін тұман басып, желдің күші 15-20 м/с артады. Маңғыстау облысында-шаңды дауыл күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел күшейеді, күші - 18 м/с.

Сондай-ақ Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының батысында және Қарағанды облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1057974
Пікірлер

Көрші сілтемелер