Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-151347355232 %68 %
2019-10-1614431128 %72 %

Қарқаралыда Абайдың портреті бейнеленген ескерткіш тас орнатылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 04:24 - 2019/10/10


Қарқаралыда Абайдың портреті бейнеленген ескерткіш тас орнатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлы ойшыл Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Қарқаралы ауданының тұрғыны жерлестеріне сыйлық жасады. Манарбек Кәрім ұлымен бірге Абайдың портретін тастың бетіне қашап бейнеледі. Аталмыш ескерткіш тас Қарқаралы тарихи ғимаратының жанында орнатылды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Лондонда Абай мұралары талқыланды #Abai175: Джек Ма Абай өлеңін жатқа оқыды Әл-Фараби мен Абайдың мерейтойында ысырапшылдыққа жол берілмеуі керек - Мемлекет басшысы

Бұл орын кездейсоқ таңдалған жоқ. Осы үйде Абайдың әкесі Құнанбай қонақ ретінде тұрған. Абайдың өзі балалық шағында мұнда көп рет қонақ болған. 19 ғасырдың екінші жартысында бұл үй татар көпесі Халиолла Бекметовке тиесілі еді. Қазір мұнда аудандық мәдениет бөлімі орналасқан.

Абай гравюрасы бар ескерткіш тастың салмағы 2,5 тонна, биіктігі - 350 сантиметр.

- Біз тасты Қорғантас тауынан түсірдік, онда бір кездері қалмақтармен үлкен шайқас болған. Трактормен оны үйге алып келіп, жұмыс істей бастадық. Ұлым көп көмектесті, ол өзі эскизді салды. Содан кейін біз Абайдың портретін тасқа түсірдік. Ескерткіш тасты дайындауға 4 күн уақытымыз кетті, - деді автор Манарбек Кәрім.

Ескерткіш тас орнатылған үй Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романында егжей-тегжейлі сипатталған.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1057962
Пікірлер

Көрші сілтемелер