Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-151347355232 %68 %
2019-10-1614431128 %72 %

Қарағандыда жаңа туған нәресте «жедел жәрдем» көлігінде шетінеп кетті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 02:03 - 2019/10/10


Қарағандыда жаңа туған нәресте «жедел жәрдем» көлігінде шетінеп кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық дәрігерлер сәбидің өмірін сақтап қала алмады. Нәресте өте ауыр халде дүниеге келгендіктен оны жасанды тыныс алу аппаратына қосу қажет болған. Алайда баланы облыстық перинаталдық орталыққа тасымалдау кезінде ол шетінеп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда 3 жасар баланы өлтірген күдіктіге ел аумағында іздеу жарияланды

Баланың әкесі айтқандай, оның әйелі жүктілік кезінде барлық медициналық сараптамаларды дер кезінде тапсырып отырған және де олардың қорытындысы жақсы болған. Жүкті әйел 26 қыркүйекте ауруханаға түскен. Алайда, бірнеше күннен кейін дәрігерлер оған босануға әлі ерте деп, үйіне қайтарған. Бір аптадан кейін ол қайтадан перзентханаға жатқан. Дәрігерлер қарап шыққан соң, егер толғақ болмаса, арнайы дәрі егетінін айтқан. Бірнеше күннен кейін жас келіншекке толғақ шақыратын дәрі салынған.

«Үшінші түні жұбайымның суы кетті. Ол сол кезде перзентханада болған, - дейді баланың әкесі Ұлан Нұрпейісов. - Таңертең, сағат 8-де оған кесір тілігі жасалды. Алайда бізге баланы көрсетпеді, бірден алып кетті. Баламыздың өкпесінде сұйықтық болғаны анықталды. «Ол ауыр халде болғандықтан, оны жасанды тыныс алу аппаратына қосу керек», - деді. Бізге баланы Михайлов шағын ауданындағы облыстық перинаталдық орталыққа ауыстыруды ұсынды, себебі Пришахтинскіде жасанды тыныс алу аппараты жұмыс істемейді деді. Алайда кеше мен Пришахтинск перзентханасында бұл туралы қайтадан сұрағанымда аппарат жұмыс істейді деп жауап берді. Менің әйелім кеше таңғы сағат 8-де босанды, біз баланың тасымалдауын күндізгі 4-ке дейін күттік. Содан кейін бізге баламыз жолда қайтыс болды деп хабарлады...».

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармаларында бұл жағдайға келесідей түсініктеме берді: «Туу кезіндегі баланың жағдайы өте ауыр болды. Ана балаға жүктілік кезінде екі рет бермиди вирустық инфекциясымен ауырған. Ана мен балаға медициналық көмек денсаулық сақтау министрлігінің бекіткен диагностика және емдеу хаттамаларына сай жүргізілді. Өкпені жасанды желдету аппараты басқа пациенттерді емдеуге қатыстырылғандықтан, баланы мамандандырылған көлікте облыстық перинаталдық орталыққа ауыстыру туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеру жүргізуде. Оның нәтижелері кейінірек жарияланады».

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1057946
Пікірлер

Көрші сілтемелер