Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-151347355232 %68 %
2019-10-1614431128 %72 %

Ақтөбеде «Ерназар-Бекет» драма - дастаны сахналанды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:45 - 2019/10/09


Ақтөбеде «Ерназар-Бекет» драма - дастаны сахналанды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – М. Әуезовтың «Бекет» пьесасының желісі бойынша «Ерназар-Бекет» драма - дастаны елімізде алғаш болып Ақтөбеде сахналанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да ерекше жастар театры ашылды 2020 жылдан бастап Өзбекстанда әншілер тойларда келісімшарт арқылы ғана өнер көрсетеді Димаш Құдайберген Токиода өтетін ABU TV Song фестивалінде өнер көрсетеді

Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының режиссері Қанафин Фархадбек Ақтөбеге келіп, «Ерназар-Бекет» драма - дастанын сахнаға шығарды. «Қойылымға ХІХ ғасырдың орта кезіндегі оқиға арқау болды. Жергілікті халық патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы шықты. Оларға алым-салықты көбейтіп, жайылымдық жерлерін тартып алды. Саясаттың қолшоқпарына айналған кейбір жергілікті сұлтандар елді титықтатқан жарлықтар шығарып, бұл өз кезегінде халық наразылығын өршіте түсті. Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістің шектілер жасағының құрамында шайқасқан Ерназар мен Бекет батырлар халық мұңы мен ел зары жолында қайта атқа қонады. Пьесада Арыстан сұлтанға қарсы шыққан қос батырдың тағдыр айтылады. Бәрін де Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актерлары сомдады», - деді Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының режиссері Қанафин Фархадбек.

Әзірлік тамыз айының аяғында басталған. Бір айдан астам уақыт дайындалған актерлер бүгін премьерасын өткізді. Режиссер тарихи-этнографиялық дәлдікті ұстанбай, ауыспалы декорацияны пайдаланды.



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1057899
Пікірлер

Көрші сілтемелер