Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-151347355232 %68 %
2019-10-1615535630 %70 %

Ақтау тұрғыны автотұрақтағы көлікті өртеп жіберген



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:36 - 2019/10/09


Ақтау тұрғыны автотұрақтағы көлікті өртеп жіберген

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау тұрғыны автотұрақтағы көліктің ішіне спирт құйып, тұтатылған темекімен қасақана өртеп жіберген,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекеттік материалдық резервті уақтылы жаңартудың жаңа тәсілдері енгізіледі Қазақстанда кәмелетке толмағандарды еңбекке заңсыз тартудың фактілері анықталды 2021 жылы бюджеттік жоспарлау қағазсыз жүргізіледі

Маңғыстау облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған қатысты ҚР ҚК 202-бабының (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) 2-бөлігінің 1), 5) тармақтарымен қылмыстық іс қозғалған.

Бүгін сот шешімі шықты.

«Сотталушы Р., Ақтау қаласы 21-шағын ауданындағы автотұрақта бола тұра бөтеннің мүлкін қасақана жойып, бүлдіру арқылы, ірі көлемде залал келтіріп, автотұрақта тұрған жәбірленушінің «Митсубиси Л200» автокөлігінің ішіне спирт құйып, тұтатылған темекімен өрт қойған. Нәтижесінде, автокөлік өртеніп, жәбірленушіге 4 030 882 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген»,-делінген хабарламада.

Сот үкімімен Р. ҚР ҚК-нің 202-бабының 2-бөлігінің 1,5-тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1057882
Пікірлер

Көрші сілтемелер