Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-151347355232 %68 %
2019-10-1614431128 %72 %

Қазақстанның Су спорты түрлері федерациясына жаңа президент сайланды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:15 - 2019/10/09


Қазақстанның Су спорты түрлері федерациясына жаңа президент сайланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Су спорты түрлері федерациясының президенті болып Андрей Крюков сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Айдар Өтенов жаңа қызметке тағайындалды Ғабит Байжанов ҰҚК Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды Шортанды ауданының әкімі ауысты

Айта кетсек, Андрей Крюков бұрын аталмыш федерацияның бас хатшысы қызметін атқарған.

«Менің Ұлттық олимпиада комитетін басқаратынымды білесіздер. Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, 2018 жылдан бастап ҰОК жоғары нәтижелері бар спорт түрлерін қаржыландыру ісін алып жүреді. Этика мен мүдделердің соқтығыспауын ескере отырып, Су спорты түрлері федерациясының басшылығынан кеткенім жөн деп шештім», - деді Тимур Құлыбаев федерацияның елордада өткен бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, алдағы Олимпиада ойындарында алтын медальға үміттілердің бірі – Дмитрий Баландин. Қазіргі уақытта ол АҚШ-та дайындалып жатыр.

«АҚШ-та дайындалып жатқан спортшыларға қыруар қаржы бөлініп жатыр. Үміт ақталар деген сенімдемін. Ал мен өз орныма Андрей Крюковты ұсынамын», - деді Құлыбаев.

Федерация мүшелерінің бәрі бір ауыздан ұсынылған үміткерді қолдап дауыс берді.

Еске сала кетсек, Қазақстан бокс федерациясының бүгінгі отырысында Тимур Құлыбаев аталмыш федерация басшылығынан кететінін мәлімдеген болатын. Оның орнына белгілі қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев сайланды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1057877
Пікірлер

Көрші сілтемелер