Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-151347355232 %68 %
2019-10-1614431128 %72 %

Ақтауда халықаралық театр фестивалі басталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 20:27 - 2019/10/09


Ақтауда халықаралық театр фестивалі басталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай, Ақтауда халықаралық деңгейде театр фестивалі шымылдығын түрді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
2020 жылдан бастап Өзбекстанда әншілер тойларда келісімшарт арқылы ғана өнер көрсетеді Димаш Құдайберген Токиода өтетін ABU TV Song фестивалінде өнер көрсетеді Димаш Құдайберген Токиода өтетін ABU TV Song фестивалінде өнер көрсетеді

Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен, республикамыздың Мәдениет және спорт министрлігі және ТҮPКСОЙ-дың қолдауымен басталған фестиваль өзге елдермен мәдени-рухани байланысты нығайтудағы алтын көпір болмақ. Әлемнің жеті елінен келген кәсіби және музыкалық драма театр әртістері Ақтаудағы Нұрмұхан Жантөрин театры сахнасында өзара сынға түседі.


«ABISH ALEMI» бірінші халықаралық театр фестиваліне қатысуға ниет білдірген театр ұжымдарының қойылымын, қазылар алқасының беделді мүшелері Абыз тұлға Асанәлі Әшімов, «Алтын қалам» сыйлығының лауреаты Исрафил Исрафилов, Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының қоюшы режиссері - Сердеш Қажымұратов, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі – Еркін Жуасбек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Нұркен Өтеуіл, Қазқстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Әділ Ахметов, Маңғыстау облысының «Жыл адамы – 2016» номинациясының иегері Медғат Өмірәлиев сараптайтын болады.

«ABISH ALEMI» Бірінші халықаралық театр фестиваліне бірнеше театр ұжымы қатыспақ.

Олар:

1) Армениядан Абельян Ванадзор мемлекеттік драма театры;

2) Грузиядан Тбилисидің Мемлекеттік Әзербайджан театры;

3) Ираннан Биле Савар Барбод театры;

4) Өзбекстаннан Хорезм театры;

5) Тәжікстан К.Худжанди атындағы музыкалық комедия театры;

6) Түркияның Мемлекеттік театры;

7) Түркменістан мемлекеттік театры;

сондай – ақ Қазақстаннан М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық драма театры және Н.Жантөрин атындағы драма театры қатысып, өнер көрсетеді.

Халықаралық театрлар фестивалінде Маңғыстау драма театры Әбіш Кекілбаевтың «Бір шөкім бұлт» шығармасымен «Күй» повесін сахналайды. Күй повесінде рөлді сомдаушылардың басым бөлігі ер адамдар, ал моно спектакльді бір әйел сомдамақ.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1057863
Пікірлер

Көрші сілтемелер