Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-151347355232 %68 %
2019-10-1614431128 %72 %

Дариға Назарбаева Қазақстанның Ресеймен арадағы «Сырым» шекара бекетіне болды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 20:18 - 2019/10/09


Дариға Назарбаева Қазақстанның Ресеймен арадағы «Сырым» шекара бекетіне болды

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН. ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан мен Ресей шекарасындағы «Сырым» шекаралық өткізу бекетінде болып, ондағы жаңартылған инфрақұрылыммен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Сенатта қылмыскерлерді экстрадициялау туралы Украинамен арадағы шарт қаралды Дариға Назарбаева әр облысқа арналған парламенттік тыңдауларды өткізуді ұсынды Сенат депутаттары ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының күзгі сессиясына қатысты

Шекара бекеті қызметкерлерінің мәліметтері бойынша, осы учаске арқылы орташа есеппен мыңнан астам автомобиль өтеді. Бірнеше ай бұрын шекара бекетінің мүмкіндігімен мұндай көлемдегі көлік өтіп үлгере алмаған болатын, алыс жолға тауар тасымалдайтын жүк машиналары кейде тәулік бойы кезекте тұруға мәжбүр болып, шұбатылған кептелістер туындады. Қазіргі кезде бекеттегі инфрақұрылым толығымен жаңартылды, бұрынғы екі жолаққа қосымша жабдықталған сегіз тексеру жолағы қосылды. Бұл Қазақстан мен Ресей шекарасындағы осы участокте кептеліс мәселесін шешуге мүмкіндік берді.


Сондай-ақ Сенат Төрағасы Оралдағы «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» акционерлік қоғамында да болды. Сенаторлар Жайық өзенінің жағасына болып, оның экологиялық жағдайымен танысты.


«Қазгидрометтің» мәліметінше, 2017 жылдан бастап өзендегі су 30-40 пайызға азайды. Жергілікті тұрғындар соңғы онжылдықта өзен су тасқыны кезеңінде де жағадан аспайтынын айтуда. Сапар барысында өзеннің кейбір жерлеріне өлшем жасалып, судың тереңдігі тек 50 см ғана болатыны Сенат Төрағасына көрсетілді.







Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1057858
Пікірлер

Көрші сілтемелер