Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-2218197622 %78 %

Қостанайлық қайырымды жандар көпбалалы ананың үйін жөндеп берді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 02:24 - 2019/09/22


Қостанайлық қайырымды жандар көпбалалы ананың үйін жөндеп берді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Қостанай қаласының Қобыланды батыр даңғылында көп қабатты жаңа үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған 60 пәтерлі баспанаға көп балалы аналар, жетім балалар және кезекте тұрған азаматтар ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда мүмкіндігі шектеулі 200 бала тегін демалады

Баспаналы болғандарды қуанышына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те ортақтасты.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл 330 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары. Ал 8 айдың қорытындысы бойынша, 231 мың шаршы метр тұрғын үй халық игілігіне бұйырды. Тұрғын үй құрылысы жұмыстары жалғаса береді», — деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтау сөзінде.


Өңір басшысы 12 көп балалы отбасыға, 15 жетім балаға, сондай-ақ баспана кезегіндегі бюджеттік ұйым өкілдері мен мемлекеттік қызметшілерге пәтер кілттерін табыс етті.

Облыс әкімі көпбалалы ана Гауһар Жаңабергенованың үйіне арнайы барды. Ол 6 баласын жалғыз бағады. Бұған дейінгі үйі құлауға шақ қалған-ды. Айналасы екі айдың ішінде «Сыл» ЖШС жалғызбасты ананың үйін толықтай жөндеп берді.


«Жағдайымызға көңіл бұрған әкімдікке, өз қаражатына үйімді қайтадан салып беріп, толықтай тұрмыстық техникамен, жиһаз-мүлікпен қамтыған серіктестік басшысына алғысымыз шексіз! Бұл 1 ұл, 5 қыз тәрбиелеп отырған мен секілді анаға көрсетілген орасан зор көмек!» – дейді ол.




Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1050795
Пікірлер

Көрші сілтемелер